Алаяқтықтың тағы бір түрі

Алаяқтықтың тағы бір түрі

Қазіргі таңда еліміздің құзырлы мекемелері қылмысқа қарсы күресті барынша күшейтіп жатыр. Бұлардың арасында интернет алаяқтарының салған лаңы оңай болмай тұр. Әдетте олардың көбі шетелдерде отырып алып, құрығын лақтыратын болса, ел ішіндегі алдамкөстерде ғаламтордың мүмкіндігін барынша пайдаланып бағуда. Солардың қатарында қызмет көрсетуді желеу етіп, өз тұтынушыларын сан соқтырып жүргендер де бар. Жақында Астана қаласы Полиция департаменті сондай бір келеңсіздікті анықтап, кінәлі тұлғаны қолға түсірді. Бұл жайында Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлады, әрі тұрғындарға сақ болуды ескертті. Істің мән-жайы былай басталған. 

45 жастағы қала тұрғыны алаяқ-жиһаз жасаушының құрбанына айналып, ақыры полицияға алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Әйелдің айтуынша, ол 1 миллион теңгеден астам сомаға асүй жиһазына тапсырыс берген. Жәбірленуші 200 мың теңге алдын ала төлем жасап, тапсырысын күткен, алайда күдікті не уәдесін орындамаған, не жиһазын жасамаған.

«Алматы» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, ол «OLX» сайты мен «Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз жасайтыны туралы жарнамалар орналастырған. Тапсырыс берушілерді алдау үшін ол, оларға жалған келісімшарт жасап, жиһаз құнының 30%-ын алдын ала төлем ретінде алғаннан кейін, байланысқа шықпай, ізін суытып отырған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оның үстінен бұрын тағы екі қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Астана қаласы Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауға шақырады. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз», – делінген таратылған ақпаратта.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 39
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381