Әлемдік спорт рейтингінде қай орындамыз?

Әлемдік   спорт рейтингінде   қай орындамыз?

Халықаралық жарыстарды негізге ала отырып түзілетін Worldsportranking рейтингі жаңарды. Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша,  3 саты төмен сырғып, 45-орынға жайғасты. Рейтинг 115 спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардағы нәтижені назарға алады. Осы арқылы 206 елдің рейтингі түзіп шығады.  Өткен жылғы рейтингте Қазақстан құрамасы 42-орында болатын. 2022 жылғы халықаралық турнирлер нәтижесінде 45-орынға төмендеді. Алғашқы ондыққа АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Аустралия, Испания, Жапония, Бразилия, Италия, Қытай және Аргентина құрамалары енген. 

2025 жылға дейінгі кешенді жоспарлар

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Сейдірұлы Көлгінов өзінің фейсбук парақшасында: «Спортты дамыту – кәсіби спортшылардың көрсеткіші мен жетістігі ғана емес, сол сияқты бүкіл ұлттың денсаулығы. Сондықтан біз спорт пен дене шынықтыру саласын барлық бағыт бойынша дамыту үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы спортты дамытуға, оның ішінде бұқаралық спортқа, балалар мен жасөспірімдер мектептерін, федерацияларын қолдауға ерекше назар аударып отыр. Соған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында осы жылдың өзекті мәселелері мен жоспары талқыланды. Онда талқыланған бірінші мәселе – инфрақұрылым. Бұл жағынан елімізде спорт нысандарының жетіспеушілік мәселесі бар. 2025 жылға дейін 113 спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл 300 мыңнан астам адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Спорт инфрақұрылымы жоқ өңірлерде, елді мекендерде модульдік спорт ғимараттарын салу қажет. Министрлік өңірлермен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жандандыруы керек, барлық нысан белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс.

Екінші мәселе –  бұқаралық спорт, балаларға арналған секциялар. Спорт нысандары тұрғындарға қолжетімді болуы керек, аула клубтарының желісін кеңейтіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен федерацияларына қолдау көрсетуді жалғастыру қажет. Биыл балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге 87 млрд теңге бөлінеді. Бұл 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді тегін сабақпен қамтуға мүмкіндік береді. (2022 жылы – 400 мыңнан астам бала).

Үшінші мәселе –  үстемеақы. Биылдан бастап мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілігіне қарай санат бойынша үстемеақы енгізілетін болады. Сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына бергені үшін, сол сияқты спорттағы атақтар үшін және т.б. үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрі енгізілетін болады.

Төртінші мәселе –  бірыңғай электрондық база. Кәсіпқой спортшылардың, жаттықтырушылар мен мамандардың бірыңғай электрондық дерекқорын іске қосу қажет. База спортшының физикалық және моральдық жағдайын, оның күшті және әлсіз жақтарын объективті түрде бағалауға жағдай жасайды. Сондай-ақ таланттарды іздеу және дамыту бойынша жұмысты жүйелеуге және спортшылар мен жаттықтырушыларды бағалау кезінде субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік береді.

Бесінші мәселе – спортшыларды даярлау. 2023 жыл – Олимпиада алдындағы жыл. Министрлік Ұлттық Олимпиада комитетімен және федерациялармен бірлесіп, алдағы Париж – 2024 жазғы Олимпиада ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз етуі керек. Федерация жұмысының негізгі көрсеткіші Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарындағы нәтижелер болады», – деп жазды. 

Ермек Сахариев
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 133
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 131
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 647
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 766
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 680
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 691

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8827
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8225
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11452
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9209
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10436