Әлемге әйгілі балалар ортопеді – елордада

Әлемге әйгілі балалар ортопеді – елордада

6-8 маусым аралығында өткен тренинг барысында отандық және шетелдік дәрігерлер 12 ота жасаған. Нұр-Сұлтан қаласына алғаш рет келген әлемге әйгілі балалар ортопеді, профессор Марк Эйдельман №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында балалар арасындағы туа біткен жамбас буынының шығуы бойынша шеберлік сағатын өткізді.

– Біздің бөлімшеде тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары бар балалар ем алады. Біз жаңа туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды емдеумен айналысамыз. Тәжірибе алмасу бізге балалар травматологиясын үйлестіруге көмектеседі, – дейді №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев.

– Израильде мен мұндай жағдайлар бойынша оталар жасамаймын. Себебі біздің елде бұл сирек кездеседі. Шеберлік сағатында өз білімімді әріптестеріммен бөлісіп, шетелде қолданылатын технологияны көрсеткім келді, – деді профессор Марк Эйдельман. 

Марк Эйдельман қазақстандық ата-аналарды ортопедтерге уақытылы жүгініп, олардың ұсыныстарын бұлжытпай орындауға шақырды. Медициналық білімді Самарқанд қаласындағы институтында алған Марк Эйдельман кейін келе «Рамбам» клиникасында және «Синай» американдық ауруханасында ортопедия бойынша маманданған. Қазіргі таңда Израильдегі «Technion» Израиль технологиялық университетінің профессоры болып жұмыс істейді. Профессор Эйдельман өз тәжірибесінде күрделі сынықтар мен сүйек деформацияларын емдеу үшін Taylor Spatial Frame (TSF) белсенді пайдаланады. Бұл сыртқы бекіткіш, екі немесе одан да көп алюминийден тұратын Стюарт платформасына негізделген алтыбұрышты басы бар құрылғы немесе көміртекті сақиналар қосылған тіректер. Ол қаңқаның туа біткен және жүре пайда болған деформациясын емдеудің барлық заманауи әдістерін қолданады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449