Әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады

Әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады

                   

    Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасы күшіне енді. Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесіне ие болған бизнесмендерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтқан Ұлттық экономика министрлігі саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Эрик Жамбылов: «Әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіп иесінің кірісін молайтуды көздемейді, оның мақсаты — қызмет көрсету және тауар өндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін бірқатар ынталандырушы шара бар. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлер саны 51 пайызға жететін ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Сондай-ақ мүлікке салық салу кезінде жеңілдіктер жасалады. Әлеуметтік кәсіпкер атанудың шарттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тарту. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар, егде жастағы және зейнет жасына жақындаған адамдар, түрмеден босап шыққандар, жетім балалар және тағы басқалары. Қаңтар айынан бері республикада тек екі әлеуметтік кәсіпкер тіркелген. Екеуі де – Қарағанды облысында. Бірақ әр тоқсан сайын реестр жаңарады. Өңірлік комиссиялар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішін қарап, ұлттық экономика министрлігіне өткізеді. Кейін ведомство оларды реестрге тіркейді. Әлеуметтік кәсіпкерлікке қосымша ақша бөлінбейді. тінін атап өтті. Қаржы бизнесті қолдаудың қолданыстағы тетіктері аясында қарастырылып қойған. Айта кетері, бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінде аталған салаға қатысты жұмыстар жақсы жолға қойылған»,— деп атап өтті.

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 24
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 151
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 151
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 512
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 469

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776