Әлеуметтік кәсіпкерлерлік деген не?

 Әлеуметтік кәсіпкерлерлік деген не?

Әдетте, мемлекеттің ресурсы шектеулі болғанда, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік кәсіпкерлер тартылады. Қазақстан да бұл халықаралық практикадан тыс қалмады. Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын заң былтыр жазда қабылданды. Ал биыл қаңтардан бастап ол күшіне еніп, елде әлеуметтік кәсіпкерлік заңмен бекітілді. Сонымен, әлеуметтік кәсіпкерлік деген не? Әлеуметтік кәсіпкерлік пайда табуды емес, ең әуелі, азаматтардың әлеуметтік түйткілдерін шешуді көздейді. Яғни, әлеуметтік кәсіпкерлер – қалтасын қампайтуды емес, халықтың қамын ойлап, қоғам игілігі үшін жұмыс істейтіндер. Сол арқылы бюджеттің әлеуметтік салаға бөлетін ақшасын да үнемдейді. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея секілді елдерде жақсы дамыған. Бұл елдерде үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік кәсіпкерлер жетіп артылады. Ал Колумбия, Египет, Үндістан елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениеті енді-енді қалыптасып келе жатыр. Қазақстанда «әлеуметтік кәсіпкер» ұғымы заңмен алғаш рет енгізілді. Жалпы, кімдер әлеуметтік кәсіпкер атана алады? Мәселен, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің төрт категориясы бар. Бірінші санатқа халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмысқа алатын кәсіпорындар жатады. Олар: мүгедектер, мүгедек баласы бар ата-аналар, зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындағандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, тұрмысы төмен, көпбалалы ата-аналар, қандастар. Бұл санатқа жататын әлеуметтік кәсіпкерлер бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққандарды, есірткіге тәуелділігі үшін медициналық оңалтудан өткен адамдар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарды да жұмыспен қамтуға міндетті. Бұл ретте кәсіпорында мұндай санаттағы жұмысшылар саны 51 пайыздан кем болмауы шарт. Айта кетері, бұрын сотталғандар педагогикалық қызметке тартылмайды. Яғни мектеп, балабақшада жұмыс істемейді. Екінші категорияға халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы шығаратын тауарлар мен қызметтерді сатуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер жатады. Үшінші санатқа мүгедектерге арнап тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілер кіреді. Ал төртінші категория қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілерді қамтиды.

     Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбылов: «Жыл басынан бері әзірге тек екі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Екеуі де Қарағанды облысында істейді. Қос кәсіпорын да бірінші санаттан, яғни халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмыспен қамтып отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа тетік қой. Көбі одан хабарсыз. Сондықтан өңірлерде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, тоқсан сайын әлеуметтік кәсіпкерлер қатары толығады. Бүгіндері Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Соның бірі — салық жеңілдіктері. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік кәсіпорындар корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік, жер салығынан босатылады. Мүлікті жалға алу кезінде жеңілдіктерге ие болады. Қаржылай көмек те бар. Яғни пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Мысалы, әлеуметтік кәсіпкер екінші деңгейлі банктен кредит алды делік. Мемлекет банк белгілеген пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялайды. Қателеспесем, шамамен 5-7 пайызы. Бұл да кәсіпкерлерге әжептәуір көмек. Бұдан бөлек, ақпараттық қолдау да қарастырылған. Халыққа әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызын түсіндіру үшін министрлік медиа жоспар бекіткен. Соның аясында республикалық және өңірлік деңгейде семинарлар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәслихаттары өткізіледі. Бұрын Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері туралы статистика жүргізілмеген-ді. Сол үшін жаңа заңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрі деген ұғым енгізілген. Бұл реестрге кіру үшін жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрады. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен кәсіподақтар, мүдделі органдардың өкілдерін тартады. Комиссия мүшелері әлеуметтік кәсіпкерлерден түскен өтінімді қарайды. Олар әлеуметтік кәсіпкердің төрт санаттың қайсысына жататынын анықтап, ортақ шешім қабылдайды. Кейін сол шешімдерін ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Біз соның негізінде әлеуметтік кәсіпорындарды реестрге енгіземіз. Бұл жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі. Қазір елдің барлық өңірінде комиссия құрылған. Әлеуметтік кәсіпорындар реестріне кіру процесі шамамен екі апта уақыт алады. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады. Бірақ ірі кәсіпорындар кірмейді. Заңды тұлға коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым да бола алады. Демек, заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастықтар мен қорлар коммерциялық емес ұйымдар саналады. Яғни олар әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне ену үшін өтінім бере алады. Біз болашақта әкімдіктерден осы жұмысқа кедергі жасамауды талап етеміз. Өйткені іс жүзінде әлеуметтік кәсіпкерлікпен ЖШС немесе АҚ емес, қоғамдық қорлар, қауымдастықтар айналысып жүргенін байқап отырмыз. Яғни ерекше қажеттілігі бар адамдарды көбіне солар жұмысқа тартады», — дейді.  

Ермек САХАРИЕВ
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 494
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9544
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756