«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығын қоғамдық бақылау жасау мәселесі қаралды.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 9-бабына сәйкес дүкендер тауарлардың бағаларын өз бетінше белгілейді, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі-ӘМАТ) өткізу бағасы өндірушінің немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15% - ынан аспауға тиіс,- дейді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Григорьева Ольга Владимировна.
Сонымен қатар бүгінгі таңда қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын бақылау бойынша мониторингтік топтың жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді.
Бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының павильондарында бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел желі телефондары орналастырылған.
Халықтың қолжетімділігін арттыру және барынша қамту мақсатында, жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу нүктелерін ұлғайту үшін сауда объектілерімен өнімді өткізу туралы меморандумдар жасасу туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша 19 Меморандум, Өскемен қаласы бойынша 26 меморандум жасалды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 29 сауда нүктесін ескере отырып, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде өнімді өткізу 74 сауда нүктесінде жүзеге асырылады –дейді «Ертіс» АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Шарипова Динара Аскаровна.
Мемлекет басшысы өз сөзінде партиялықтардың өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қатысуын күшейту қажеттігіне баса назар аударған болатын.
Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақты өсуі бойынша өтініштер келіп түсуде. Сондықтан да біз бүгін өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысына әлеуметтік маңызы бар бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағаларын бақылау үшін мониторингтік топтар құру туралы мәселені талқылаудамыз.
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әр ауданында 257-дан астам мониторингтік топ құрылды. Оған белсенді қоғам қайраткерлері, депутаттар, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. Апта сайын көрсетілген азық-түлік тізіміне бағаның өзгеруіне талдау жасалады. Нәтижесінде тиісті ұсыныстар жасалатын болады- деді "Nur Otan" Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Чугунков Олег Васильевич.
Әлеуметтік маңызы бар азық – түліктердің бағасы партияның Қоғамдық кеңесінің тұрақты бақылауында болады.