Әлеуметтік мекемедегі мерекелік кеш

Әлеуметтік мекемедегі мерекелік кеш

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кештің жүргізушілері әлеуметтік мекеме тұрғындарын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, бұл іс-шара «30 жұлдызды күн» жоспары аясында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

Алдымен құттықтау сөз алған Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Ділдәш Ысқақова мекеме ұжымы мен тәрбиеленушілерін облыс әкімдігінің және аталмыш басқарманың атынан құттықтады. – Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Еліміздің осы азаттықтың бесігінде тербелгеніне биыл 30 жыл толып отыр. Бұл – қазақ елі үшін ұлы мейрам. 1991 жылы әлемнің картасында Қазақстан деген жаңа мемлекет пайда болған еді. Содан бері отыз жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Арамызда егемендік жылдарында әр саланың дамуына өз үлестерін қосқан аға буын өкілдері бар. Соның ішінде әлеуметтік салаға да еңбектерін сіңірген әріптестеріміз жетерлік, – дей келе, Ділдәш Салауатқызы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да тәуелсіздік жылдарында дамудың даңғыл жолынан өткенін жеткізді.

Мекеме директоры Арман Дәулетовтің айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылған. – Отыз жыл ішінде бұл орталықта жемісті қызмет атқарып, әлеуметтік осал топтағы адамдармен жұмыстанып, мемлекет қамқорлығындағы жандарға тиісінше көмек көрсетіп, өз міндетін адал атқарған әріптестеріміз аз емес. Бүгінгі таңда мекемеде зейнеткерлермен қоса психикалық ауытқуы бар 18 жастан асқандармен жұмыс жасайтын бөлімдер бар. Ғимараттағы әрбір бөлімдер жаңартылып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді алда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Арман Оразғалиұлы.

            Сонымен қатар шара барысында Орал арнаулы қызмет көрсету орталығының бір топ қызметкері Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай марапатталды.

            Ал қамкөңіл қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Жастар Мәдениет үйінің өнерпаздары Аслан және Жасұлан Зинеденовтер, Рүстем Кереев, Азат Қабиев, Әсел Кажимова, Бибігүл Берекетова, Болат Өтешов әсем әуендерін шырқаса, «Салтанат» би ансамблі (жетекшілері Б.Сапарғалиева, М.Таңатова) мың бұралған өнерлерімен тәнті етті. Мерекелік кештің шымылдығы «Атамекен» әнімен жабылды.

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар тәрбиеленуде. Сондай-ақ әлеуметтік мекемеде 360-қа тарта қызметкер жұмыс жасайды. 

 

 

 

 

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 66
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 61
КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША 300 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 63
 СОЗАҚ АУДАНЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТҰРҒЫН ҮЙ ТАРТУ ЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1728
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7759
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11636
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7806
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7960