Әлидің әлемі

Әлидің әлемі

Алматы қаласындағы Сапарғали Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасында «Әли мен оның ішкі әлемі» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл кітаптың басты ерекшелігі, Қазақстанда сирек гемофилия ауруы бар балалар туралы балаларға арналған кітап болып шыққанында. Әли есімді қарапайым бала туралы шығарма шытырман оқиғалы жанрда жазылған. Бірде Әли ерекше және қызықты сапарға аттанады. Достары Лиза мен Фил Әлимен бірге жұмбақтар мен тосынсыйларға толы құпия және белгісіз елді зерттейді. Кішкентай Әли мен оның достарының басынан өткен оқиғасын Ольга Огай жазып шығыпты. Кітапты қазақ тіліне аударған – ғалым, ұстаз Орынай Жұбай. Кітапты Қазақстандағы «TAKEDA» биофармацевтикалық компаниясы қазақстандық гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығымен серіктестікте бірлесіп, орыс және қазақ тілдерінде шығарыпты.

Қазақ және орыс тіліндегі ертегі-повесть бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ олардың ата-аналарына арналады. «Әли мен оның ішкі әлемі» гемофилиямен ауыратын баланың оқиғасын баяндап отырып, жұртшылықтың назарын осы ауруға аударады. Кітап қарапайым өмірлік жағдайлар арқылы осы аурумен өмір сүрудің ерекшеліктері туралы көркем түрде суреттейді. Ауыратын балалардың физикалық және әленуметтік бейімделуі туралы түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Ауруға байланысты кейбір шектеулерге қарамастан, шаттанып, еркін толыққанды өмір сүруге болатынын көрсетеді. Қалай өмір сүруге болады, қалай азықтану керек, айналасындағы дүниемен үйлесімді қарым-қатынас жасау жолдары көркем түрде қызықты оқиғалармен бірлестіріліп суреттеліпті.

С.Бегалин атындағы кітапханада өткен тұсаукесерге кітаптың авторы, аудармашы, медицина саласындағы арнайы мамандар, ата-аналар жиналды. Кітапхана меңгерушісі, «Takeda» компаниясының өкілдері кіріспе сөзбен ашқаннан кейін, қонақтарға сөз берді. Журналистер сұрақтарына жауап берді. Осылайша тұқым қуалау сипатындағы гемофилия ауруымен ауыратын балаларды қоғамнан оқшауламай қатар өмір сүрудің жалпыға ортақ қағидаларын көпке түсіндірді. 

ДӘУЛЕТБЕК БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
27.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 27
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 48
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 16
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 28
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 24
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 48
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8950
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8344
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11570
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9328
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10554