Әлихан Смайылов Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді

Әлихан Смайылов Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді

     Қырғызстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктесі 2022 жылғы 24 ақпан 23:10Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және отын-энергетика кешені, экология, білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Екіжақты сауда көлемін арттыру аясында тараптар жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасын кеңейту жөнінде пікір алмасты. Бұдан басқа, бірлескен индустриялық сауда-логистика кешенін құру мәселесін іске асыру басталды. Әлихан Смайылов келіссөз кезінде: «Қырғызстан – Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды сауда серіктесі. Өзара сауданың оң серпінінің қалпына келуін атап өткім келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің шамамен 15 пайызға артқаны байқалады», — деді. Қырғыз тарапы ынтымақтастық шеңберінде автомобиль өнеркәсібі бойынша автокөлік техникасын сатып алу және лизинг мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта техникалық мәселелер пысықталып жатыр. Трансшекаралық сулар және энергетикалық ынтымақтастық бойынша тараптар трансшекаралық өзендердің ағысы мәселесін реттеді, соның нәтижесінде екі мемлекет үшін де вегетациялық кезеңде Сырдария, Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде судың азаюының ықтимал теріс салдарының алдын алу шаралары қабылданды. Бұдан басқа, тараптар өзге де өзекті мәселелер мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Ермек САХАРИЕВ
25.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 509
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 466

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9166
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11792
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9560
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10772