Әлихан Смайылов БАҚ туралы жаңа заңды жұртшылықпен, сарапшылармен және журналистермен кеңінен талқылауды тапсырды

Әлихан Смайылов БАҚ туралы жаңа заңды жұртшылықпен, сарапшылармен және журналистермен кеңінен талқылауды тапсырды

ҚР Үкіметінің кезекті отырысында бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың негізгі тәсілдері қаралды, ол туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров баяндады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген және жыл сайын олардың саны белсенді түрде көбейіп келеді.

АҚДМ басшысы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаға сәйкес БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта журналистік қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ БАҚ туралы заңды жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар А. Омаров ведомствоның саланың кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Осы мақсатта медиа саласының мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспар әзірленіп, іске асырылды. Арнайы жоспарды жүзеге асыру барысында салалық журналистерді даярлау бойынша ЖОО-мен меморандумдарға қол қойылды, мультимедиалық білім беру-ақпараттық платформаcы және т. б. іске қосылды.

ҚР Премьер-Министрі қоғамдық пікірді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Сондықтан мемлекет пен халық арасындағы тиімді байланыс құралы болуы үшін баспасөзге оңтайлы жағдай жасау – маңызды мәселе.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және тәуелсіз болуы тиіс екенін атап көрсетті.

«Осыған байланысты әзірленіп жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдістерін ескеруі тиіс. Заң жобасындағы жаңалықтарды үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты, сарапшылар мен журналистерді қатыстыра отырып, кеңінен талқылауға шығару қажет», — деп Ә.Смайылов құжатты осы жылдың соңына дейін Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

Бұл ретте Үкімет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру үшін ашық ақпараттық кеңістікті дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желілер мен блогосфераның рөлін ескеру маңызды екенін айтты.

«Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, журналистер биліктің барлық тармақтары жұмысының тиімділігін арттыра алады. Бұл ретте баспасөзбен бірлесе жұмыс жүргізуге нақты қадамдар жасау керек», — деді ол.

Әлихан Смайылов орталық және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволардың салалық қызметіне маманданған спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырды. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс.

Үкімет басшысының пікірінше, мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек.

Кәсіби «құрғақ» тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды.

Сонымен қатар мемлекеттік органның қызметін әлеуметтік желілерде белсенді жариялап, халықтың сұрақтарына тұрақты түрде жауап беру қажет.

Сөз соңында Әлихан Смайылов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірлескен күш-жігер Үкіметтің жұмысын бұдан да ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

ortcom.kz
01.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 43
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 95
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 98
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 206
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 423
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 387

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9080
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8478
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11706
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9472
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10687