Алматы 2025 спорт жылын әдемі аяқтады!

Алматы 2025 спорт жылын әдемі аяқтады!

 Алматы қаласы әкімдігі осы маусымда кәсіби спорт пен жетістіктерді айтарлықтай көрнекі еткен спортшылардың жеңісін атап өткен Beles Almaty 2025 шарасында жыл қорытындысын жасады. Іс-шара Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында әкім, қаланың спорт саласы басшылығының қатысуымен өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматыны мықты командалар, мектептер мен тренерлік ресурстар шоғырланған елдің басты спорт орталығы ретіне ғана атап өтпей, қалада жаңа спорттық нысандар салынып, қолданыстағысы жөндеуден өткеніне де баса мән берді, мысалы, алты физкультуралық-сауықтыру кешені құрылып, «Медеу» биік тау сырғанағы жаңартылды, сондай-ақ 45 мың орындық жаңа стадионның жобасы жоспарланған. Бұл өскелең ұрпақ арасында үлкен спортты дамыту әрі насихаттауда зор қолдау болып, Алматыда жаңа батырларды тәрбиелеп, спортшыларымызды жаңа белеске шығарады. Қала әкімі алдағы маңызды кезең – алматылық спортшылардың Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуына бөлек тоқтады. Қала басшысы бұл кезеңнің маңыздылығын ерекше атап өтіп, спортшыларға сәтті ойын көрсетіп, жаңа жеңіске жетуіне тілегін білдірді.  Іс-шара барысында бірқатар номинация бойынша марапаттау рәсімі өтіп, спорт жылының қорытындысы мен жаттықтырушылардың спорттың дамуына қосқан үлесіне арлған бейнематериал көрсетілді.  

Марапаттау рәсіміне көптеген отандық спортшыларымыз қатысып, жыл марапатына басты үміткерлердің бірі – 2025 жылы қазақстандық ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанауды әлемдік жаңалықтарға шығарған алматылық Михаил Шайдоров болды. Beles Almaty 2025 марапаттау рәсімінде Михаил Шайдоров «Қысқы спорт түрінің үздік спортшысы» санатындағы лауреаттар қатарына енді. Бұл жыл Михаилдің спорттық мансабына да зор жаңалық алып келді: 2025 жылы Сеулде өткен ISU Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті, 2025 жылы Бостонда өткен Әлем чемпионатында күміс медаль және 2025 жылы Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Алматы үшін мәнерлеп сырғанаушының спорттық жетістігі мен табысы оның қоржынына қосылған тағы бір атақ емес. Бұл қаланың халықаралық аренада елдің бет-бейнесіне айналған спортшыларды тәрбиелеп, мыңдаған баланы мұз айдынына, секция мен спорт мектептеріне келіп, алдына мақсат қойып, сол мақсатына жетуге ынталандырғаны туралы хикая. Михаил Шайдоров қабілеттің, еңбекқорлықтың, табандылықтың және көшбасшылық сипаттың бүкіл Қазақстан мақтан тұтатын нәтижеге айналғанының айқын дәлелі. 

Михаил Шайдоровты қала мойындап, құрмет тұтты, шын жүректен құттықтаймыз. Осы орайда маусымда жетістікке жетуде қолдаған жаттықтырушылары, хореографтары, бас демеушісі «Алтын алмас» компаниясы, тағы, әрине, жанкүйерлеріне алғысымызды білдіреміз. 

 

24.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21398
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21175
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36396
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38749