Бүгін Алматы облысында облысаралық бағыттар бойынша жолаушы тасымалы жанданды. Ал облыс ішілік ауданаралық бағыттар кеше іске кірісті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталмыш бағыт кестелері сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі уақытқа белгіленген. Ал түнгі рейстер еліміздегі төтенше жағдай режиміне аяқталғанға дейін әзірге жүрмейді.
Сонымен қатар бүгіннен Алматы қаласы маңындағы маршруттар да қайта жүре бастады.