«Алматы жастары» бағдарламасы биыл да жалғасады

 «Алматы жастары» бағдарламасы биыл да жалғасады

    Қала әкімдігінің баспасөз қызметі: «Қала  әкімдігі «Алматы Жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын биыл да жалғастыруды жоспарлап отыр. Жеңілдікпен несиелендіру бойынша «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға қабылдауды бастау, өтінімдер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпарат Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады», — деп хабарлады. Осы бағдарлама аясында биыл 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары. 2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды. Егер өтінім қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 млн теңгеге баспана алуға болады.

Ермек Сахариев
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 180
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 195
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 462
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 451

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18371
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18233
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33421
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31973
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35736