Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

   Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әдбіжаббарова: «Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқан. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті. Эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен белгілі оқиғалардан кейін және «омикрон» штаммына байланысты болып отыр. Бұл зертханалық түрде биылғы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталады. ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штаммы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штаммдары сынамалардың 71 пайызында анықталды, «дельта – плюс» — 16; басқа штаммдар — 4,7% пайыз. «Омикрон» штаммына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері — аса жоғары жұқпалылығы (таралу коэффициенті 1:5), иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады. Сондай-ақ, апта сайынғы сырқаттанушылық бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары күрт өсті»,— деді.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 87
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 66
Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 20.01.2025 38

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13325
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12165
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15407
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14333
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19368