Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында БАҚ өкілдерімен: «Қала мен қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосамыз. Соған байланысты Алматы-3 теміржол вокзалының құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасы, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтіледі. Қала мен Алматы облысы арасында күнделікті қоғамдық көлікте жол жүру 2025 жылға қарай қазіргі 400 мыңнан 500 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 600 мыңға дейін ұлғаюы тиіс. Алматы агломерациясында қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылатын болады», – деген ақпарлармен бөлісті.