ALTYNSARIN INSTITUTE-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

ALTYNSARIN INSTITUTE-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты мен Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Жол картасын іске асыру аясында онлайн-кездесу өтті.

«Тарих және өнер» факультетініне қарасты «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға НМПУ-дегі «Тарих-география» факультетінің «Тарих, география және оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қос бірдей білім мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығын нығайту, білім бағдарламаларымен танысып, жұмыс жоспарларын талқылау.

Шараның алғы сөзінде «Тарих және өнер» факультетінің деканы, филос.ғ.к., Г.С.Конкина: «Студенттерді күндізгі бөлімге қабылдаудың және академиялық ұтқырлықты кеңейтудің оң динамикасы біз үшін өте маңызды. Біздің бұл кездесуіміз тарихи зерттеулер, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын анықтауға сеп болатынан сенім білдіремін. Достық ынтымақтастығымыздың ғұмыры ұзақ болғай!»,деп, атап өтті.

Ресейлік әріптестермен өрбіген кездесуде аға оқытушы И.К.Адильбеков модераторлық етіп, факультеттің және білім беру бағдарламасының жұмыс бағытымен таныстырды. Сонымен қатар,  «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі Г.С.Каненова ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары туралы тілге тиек етіп, соңғы үш жылдағы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті.

Кездесу барысында ресейлік оқу орнындағы «Тарих-география» факультетінің деканы В.А.Красильников пен «Тарих, география және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі И.В.Корнилова уағдаластықтың оқытуда ұтымды өзгерістерге, жаңа бастамалардың ұйытқысы болатындығына күмән келтірмейтіндіктерін жеткізіп, өз жұмыстарының жай-жапсарынан тың ақпараттар легін ұсынды.

Айта кетейік, ZOOM платоформасында жүзеге асқан кездесуде қатысушылардың назарына Арқалық қаласы және Altynsarin institute туралы таныстыру бейнефильмі ұсынылды.

Жиынның қорытынды бөлімінде тарих пәнінің аға оқытушылары Елеусов Б.А., Бижанова Г.Х., Өтеулі М.С. ынтымақтастық жол картасын жүзеге асыруға үлкен ықылас танытып, алғыстарын білдірді.

Нәтижесінде, академиялық жоспарлар салыстырылып, осы жылдың наурыз айында кезекті кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.

Altynsarin institute Маркетинг және коммуникация бөлімі
30.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі - 09.01.2025 19
ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 107
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 106
 ТҮЛКІБАСТА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 52
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1346
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1745
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1753
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1746
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1754
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1535

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12586
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11488
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14725
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13675
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18694