«AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады

«AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады

Ақын-жазушыларды, драматургтер мен балалар авторларын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайынғы республикалық «Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды.

Байқау жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. 2019 жылы бастау алған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Баспасөз мәслихатында партия Хатшысы Дәулет Кәрібек журналистерге байқауға қатысудың басты ерекшеліктері мен шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы дала» байқауының басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Биыл қатысушылар шығармашылық шеберлігін төрт номинация бойынша сынап көреді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма». Негізгі номинациялардан бөлек, байқау аясында арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Сондай-ақ қатысушылардың барлық шығармасы БАҚ-та жарияланады», – деді партия Хатшысы Дәулет Кәрібек

Спикердің айтуынша, биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындалады. Сонымен қатар, «Алаш аманаты» арнайы сыйлығы табысталады.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова қазіргі қазақ әдебиетіне, соның ішінде жас қаламгерлерге қомақты қолдау қажет екенін алға тартты.

«Әдебиет – қолдауға зәру. Әсіресе, әдебиетке келген жастар қауымын қолдау қажет. Ал осындай конкурстар талантты жастардың әдебиет әлеміндегі беталысын айқындап, шығармашылығын оқырманға таныстырады», – деді жазушы-драматург Роза Мұқанова.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтайдың айтуынша, бүгінгі қоғамда көркем әдебиет айрықша орын алады.

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы – «AMANAT» партиясының алдағы уақытта жүйелі түрде ұлттың мәдениеті мен өнеріне қамқоршы болатындығының нақты бір дәлелі. Хакім Абай айтқандай, ақылы нұрлы, жүрегі жылы, қайраты ыстық толық адам қалыптасуы үшін жастар міндетті түрде көркем әдебиеттің уызын еміп өсуі керек», деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанарбек Әшімжан мұндай іс-шара жас қаламгерлерді ынталандырып, шығармашылығына тың серпін беретінін жеткізді.

«Ұлы дала» байқауы – мәдениет, руханият, әдебиет бағытындағы еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Қазіргі кезде проза, драматургия, поэзия жанрларында қалам тартып жүрген аса талантты жастар бар. Ал мұндай байқаулар – жастар қауымына шалқар шабыт сыйлап, жаңа шығармалар жазуға ынталандырады», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек байқауға келіп түскен барлық шығарма көзіқарақты оқырманның назарына күнделікті ұсынылып, ашық жарияланып отыратынын айтты.

«Қатысушыларға қойылатын барлық талаптар мен байқау барысы белгіленген ереже мәтіні бүгін БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда және партияның ресми сайтында жарияланады. Ережеге сай келіп түскен шығармаларды бүркеншік есіммен аikyn.kz сайтынан арнайы ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отыратын боламыз. Кез-келген қызығушылық танытқан адам сол жерден шығармалармен таныса алады», – деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.    

Айта кету керек, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Қатысушылар 26 тамыз бен 10 қазан аралығында іріктеледі. Байқау нәтижесі 25 қазан – Республика күні қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жарияланады.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
27.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 965

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646