“AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы А.Р. Ораловтың партияның өңірлік филиалдарымен кездесуі өтті

“AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы А.Р. Ораловтың партияның өңірлік филиалдарымен кездесуі өтті

Бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Р. Ораловтың партияның өңірлік филиалдарымен кездесуі өтті. Онда азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларға жоғары баға мәселесін талқыладық.

Әңгіме барысында Асхат Раздықұлы елдегі инфляцияның жедел өсуіне сауда жүйесіндегі делдалдар мен алыпсатарлардың айтарлықтай өсуі ықпал ететінін атап өтті. Осыған байланысты еліміздің барлық облыстары мен аудандарында мониторинг пен қадағалаудың 216 партиялық тобы жұмысқа кірісті. Олар сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізумен айналысады.

Бұл жұмысты Солтүстік Қазақстан облысындағы мониторингтік топтар да бастады. Партиялық бақылау комиссиялары, партия мүшелері 77 рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Бұдан басқа, азық-түлік тауарларына баға белгілеу мәселелері өңірлік және аумақтық даму жөніндегі қоғамдық кеңестердің, Партиялық бақылау комиссияларының қарауына шығарылды. Отырыстарда жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсынымдар шығарылды. Бүгінгі күні 10 отырыс өткізілді.

 

Мониторингтік топтар күн сайын жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бағалардың өзгеруі туралы барлық ақпарат Партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында қаралатын болады. 

Асем РАХМЕТОВА ФБ парақшасынан
30.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 843
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6917
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10756
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6988
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7127