AMANAT партиясының қолдауымен «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегерлері марапатталды

AMANAT партиясының қолдауымен  «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегерлері марапатталды

AMANAT партиясының қолдауымен жыл сайын өткізілетін «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жанат Омарбекова сөз бастап, Ерлан Кошанов Ерлан Жақанұлы керемет құттықтау сөздерімен жалғастырды! 

 

«Жан Шуақ» - қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін құрмет десек болады.    

Ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін номинация PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Таңсәуле Ғабдуманапұлы Серіковке бұйырды. Ол 2016 жылы Бюргер ауруына шалдыққан, қос аяғына 18 рет ота жасалған. Арбаға таңылған ғалым 2017 жылдан бері І топтағы мүгедек. Солай бола тұра ғылыммен айналысуды тастап кетпеген жігерлі жан.  

Таңсәуле Ғабдуманапұлы, жанға жылу, көңілге демеу беретін марапатыңыз құтты болсын! 

Ақпарат ретінде айта кетудің реті келіп тұр: Биыл 811 мүмкіндігі шектеулі түлек ҰБТ тест тапсырды, 2021 жылы бар-жоғы 90 адам қатысқан. Жатақхана орны бірінші кезекте осындай ерекше күтімге зәру жандарға беріледі. Қазір еліміздегі 78 жоғары оқу орнында мүгедектігі бар 1 588 студент оқып жүр. Солардың құқығын қорғау үшін бүгінгі жеңімпаз Таңсәуле Серіковті 2 қарашадан бері өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындаған едім. Себебі, білім-ғылым барша адамзатқа ортақ құндылық. Ақыл-есі бүтін адамның ізденуіне толық жағдай жасау жолында бірге қызмет етуге келіскен едік. Бүгін сахнада жолымыз қайта түйісті. Міне, ортамызда ғылым-білімді дамытуға қисапсыз үлес қосып жүрген осындай еңбекқор азаматтар бар. Тіршілікте он екі мүшенің қадіріне жетпей тоғышарлықта жүрген базбір адамдарға үлкен мотивация дерсің.

#Amanat #AMANATPartiyasy #Janshuaq #BizBirgemiz

Саясат НҰРБЕК ФБ парақшасынан
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 64
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 71
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 376
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 216

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18275
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18134
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33324
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31878
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35616