Апат аймағынан сүйінші хабарлар

Апат аймағынан сүйінші хабарлар

Жер сілкінісінен бері қанша сағат өтсе де, үйінді астында үміт оты бар.

6 ақпан күні Түркияны қатты сілкіндірген жер сілкінісінде жүздеген құтқару тобы мен мыңдаған ерікті үйінді астынан сүйінші хабар беру үшін арпалысуда.

Жер сілкінісінен бері қанша сағат өтті, бірақ қирандылардан үміт беретін жаңалықтар келіп жатыр.

Газиантепте 76 сағаттан кейін Ерсін мен Мұстафа Табур және олардың әкесі Митхат Табур қиранды астынан құтқарылды.

Кахраманмарашта 72 жастағы Исмаил Алтынолук көпқабатты үйдің қирандыларынан 72 сағаттан кейін шығарылды. 73 сағаттан кейін үш адамдық бір отбасы (бірі бес жасар бала), 70 сағаттан кейін 49 жасар Дуран Шекер, 68 сағаттан кейін 80 жасар бір әйел құтқарылды.

Диярбакырдың Бағлар ауданында да бір тұрғын үйдің үйіндісі астынан 72 сағаттан кейін бір әйел аман шығарылды.

Хатайда жер сілкінісінде қираған ғимараттың атында қалған екі шетел азаматы 67 сағаттан кейін (бірі бала), Кырыкхан ауданында да жер сілкінісінен 68 сағаттан кейін үшеуі бала, барлығы 6 адам құтқарылды. 7 айлық сәби де 66 сағаттан кейін шығарылды.

Адыяманда қиранды астында қалған анасы мен екі қызы жер сілкінісінен 65 сағаттан кейін, Шанлыурфаның Бирежик ауданында да бір әйел 69 сағаттан кейін жаралы күйінде құтқарылды.

09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1060
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7102
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10955
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7170
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7313