Апат айтып келмейді

Апат айтып  келмейді

Төтенше жағдайлар департаментінің  жұмысы әрқашан қиын, қарбаласқа толы. Соңғы уақытта күллі әлемде табиғи апаттар орын алып жатқанда, біздің де үрейімізді алатыны сөзсіз. Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр, жоғарыдағы төтенше жағдайлардың қайталанбасы үшін, алдын алу бағытында қандай жұмыстар іске асырылуда? Төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екенімізді, көкейде жүрген сұрақтардың жауабын алу үшін  Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібековтен  сұхбат алған едік.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Ахуалдық орталығы –  Polymedia.kz

– Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

– Алматы қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары бойынша наурыз айында табиғи апаттардың алдын алу мәселелері шеңберінде азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша 8 комиссиялық істер жүзеге асырылды. Өтініштерді сапалы қарау үшін «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, қала құрылысын бақылау басқармасының, Алматы қаласының және қоршаған орта басқармасы, аудан әкімдіктерінің және т. б. мамандары тартылды. Сонымен қатар, көктемде өздеріңіз білетіндей, басты мәселелердің бірі қар ерігеннің салдарынан таулы аймақтарда су тасқынының алдын ала жұмыстары атқарылды, мысалы 2023 жылдың наурызында 2 профилактикалық қар массасын түсіру жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2400 текше метрден астам қар түсірілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 наурызында Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында азаматтық қорғау қызметкерлерінің Алматы қаласының аумағында болуы мүмкін жойқын жер сілкінісіне дайындығы туралы мәселе талқыланды. Отырыста атап өтілгендей, 2022 жылы Алматы қаласында су тасқынының алдын алу және жою бойынша жүйелі мониторингті ұйымдастыру және шаралар әзірлеу мақсатында 102 су тасқыны қауіпті учаске анықталды. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары шеңберінде бүгінгі күні 49 учаскедегі тәуекелдер жойылды, 7 учаскедегі жұмыстар жалғасуда, олар ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады. Қалған 46 учаскедегі тәуекелдерді жоюды Алматы қаласын дамыту Бағдарламасы шеңберінде – қаланың барлық бөліктерінде 376 км арық желілерін салу және реконструкциялау жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.

– Қалада өрттер жиі тіркеле ме? Өртке байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?

– Ағымдағы жылдың 3 айында Алматы қаласының аумағында 162 өрт тіркелді, салдарынан 8 адам қаза тапты, 3 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрттен болған материалдық шығын 35 млн 400 мың теңгені құрады. Өрт шықпай көміртегі тотығымен улану салдарынан қаза табу оқиғасы тіркелмеді. Ал жарақат алғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайып, 3-тен 6-ға дейін төмендеді. Халық арасында және БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-үгіт жұмыстары жүргізілуде, соның нәтижесінде өртте қаза тапқандар саны 33%-ға азайды. Ақпараттық агенттіктердің интернет-ресурстарына 47 профилактикалық материалдар жіберілді, өртке қарсы тақырыбында 3 брифинг өткізілді. Адамдар көп жиналатын нысандарда 14 бейнеролик әзірленіп және таратылды. 3 түрлі акция өткізіліп, БАҚ-та жарияланды. Мобильді форматтағы «4D қауіпсіздік әліппесі» жандандыратын сурет функциясы бар плакаттар әзірленді. Плакаттар балаларды мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, балалар стационарларында, емханаларда оқыту үшін қолданылады, ТЖ вокзалдарында, сауда орталықтарында, қаланың жоғары оқу орындарында және метрополитен станцияларында орналастырылған. Сонымен қатар, өртке қарсы тақырыпта үгіт-насихат және профилактикалық материалдарды тарату үшін glovo және wolt курьерлік жеткізу қызметтерімен ынтымақтастық орнатылды. Осылайша, азық-түлікті жеткізу кезінде тұрғындарға өртке қарсы тақырыптар бойынша түрлі брошюралар тапсырылады. Барлығы 21 500 дана таратылды. Қаланы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, қалада 8095 көше өрт гидранттары орналасқан, шаруашылық жүргізу объектілері 2600 өрт гидранттарымен және 496 өрт су айдындарымен қорғалған. 

– Алматы қаласы таулы аймақта орналасқандықтан, түрлі апаттық жағдайлар  орын алуы мүмкін, халық соған дайын болу үшін қандай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде? 

– ҚР ТЖМ ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 02-03 наурызда Алматы қаласында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығу шеңберінде Медеу ауданы, №77 жалпы білім беру мектебіне әкімшіліктің пунктін, Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын (оның ішінде Құтқару қызметі, Қоғамдық тәртіптік қорғау қызметі, Сауда және тамақтану қызметі, Көлік қызметтері жатады), сондай-ақ  Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының волонтерлерін тарта отырып, Алматы қаласының Медициналық апаттар орталығымен  баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды. Зардап шеккен халықты орналастыруға және демалуға арналған үй-жайлар, асхана, ана мен бала бөлмесі, көмендант, психолог кабинеті, сондай-ақ пункті қоғамдық тәртіпті қорғаумен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету көзделді. Халықтың бірінші кезекте тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау пукті азық-түлікпен, жылы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ зардап шеккендерді тасымалдау жағдайына арналған автокөлігін және пункт аумағында жылжымалы далалық ас үй элементтері және температуралық режимді ұстап тұруға арналған жабдығын, зардап шеккендерді орналастыру үшін шатырлы лагері орналастырылды. Жалпы алғанда Алматы қаласы  ТЖД басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен бөлімшелері көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою іс-қимылына дайындығын көрсетті. Оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

– Жоғарыда волонтерлерді тартамыз дедіңіз. Кез келген адам волонтер бола ала ма? 

– ТЖД ерікті болу үшін волонтер немесе волонтерлік ұйымның арнайы анкетасын толтырып, бізге жолдайды. Біз арнайы басқармалар бойынша еріктілерді бөлеміз, төтенше жағдайды алдын алу басқармасы, төтенше жағдайды жою басқармасы, азаматтық қорғаныс басқармасы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, қоғаммен байланыс тобы, осы бөлімдер бойынша жұмыс атқаруға болады. Сондай-ақ бұл дегеніңіз жаңа білім мен тәжірибе, Алматы қ. ТЖД, ҚР ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу, өрт қауіпті және суға шомылу мезгілінде адамдардың өлімі мен жарақаттануын алдын алу мәселелеріне жәрдемдесу. Өзгеге көмектесу арқылы тәжірибе жинап, ертең өзі мен жақындарына көмек керек болғанда дайын болады. 

– Әңгімеңізге рақмет! Төтенше жағдайлар аз болсын деп тілейміз!

Сұхбаттасқан – РАУАН МУТАИР
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 157
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 153
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 665
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 785
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 698
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 708

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8850
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8246
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11473
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9230
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10457