⚜️ "Ақ босаға" келіндер сайысы өткізілді

⚜️ "Ақ босаға" келіндер сайысы өткізілді
2023 жылы 3 тамыз күні Жуалы аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" мекемелерінің ұйымдастыруымен "Жас келіндер" клубының жұмысын жандандыру мақсатында сонымен қатар жас келіндерді ұлттық рухта тәрбиелеу, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, отбасының бірлігін сақтауға және инабаттылыққа шақыру мақсатында "Ақ босаға" атты аудандық келіндер сайысы өткізілді.
⚜️ Қазақы тән қасиетпен бойларына дарыған инабаттылықты көрсете отырып, өлеңдете сөз саптаған сайысқа қатысушылар "Тегін білу тектілік" атты І кезеңде өздерін таныстырды.
⚜️ Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі билеттер алып жауап берген сайыс қатысушылары "Халқын сүйген-салтын сүйер" деп аталатын ІІ кезеңді артқа қалдырды.
⚜️ "Өнерлі өрге жүзеді" атты ІІ кезеңде қатысушылар ортаға өз өнерлерін салды. Бірі салт-дәстүрден көрініс қойса, бірі ән айтып, бірі би биледі. Келесі қатысушы өзі шығарған жыр шумақтарын оқып көрерменден ықыласына бөленді.
⚜️"Асыл мұра-асыл қазынамыз" атты сайыста ене мен келіннің қолөнері мен ісмерлігі тоқыма, құрақ, ою-өрнек, әшекей бұйымдарын жасалу жолдарын бейнебаян арқылы көрсетті.
⚜️ Ұлттық тағамдар, әр отбасының сүйсініп жейтін тағамы,оның жасалу рәсімін әділ қазы алқасына түсіндіріп "Қонақжайлылық ата дәстүріміз" деп аталатын байқаудың қорытынды кезеңінде барларын салды.
☑️ Әділ қазы алқаларының шешімімен:
БАС ЖҮЛДЕ "ЕҢ ҮЗДІК КЕЛІН" номинациясымен сайыстың жеңімпазы болып Саржанова Ұлбосын марапатталды.
І орын - Манат Салтанат
ІІ орын - Эсениязова Анар
ІІІ орын - Кошкинбаева Луиза
"Өнерлі келін" номинациясы - Байсакова Жанерке
иеленді.
🎉Жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар және дипломдармен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жуалы Жастары
04.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 88
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 73
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 96

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1230
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7276
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11139
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7338
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7485