АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ
Маусымның әр үшін­ші жексенбісінде елімізде медицина қызметкер­лерінің күні аталып өтеді. Осы атаулы күні адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Сала мамандарына арналған салтанатты шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өтті. Медицина қызметкерлерінің кәсі­би мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова ауданның медицина қызметкерлерін құттықтады.
- Ұлт саулығы – басты байлығымыз, жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, ақ халатты абзал жандарға үнемі қолдау көрсетеді.
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін аудан тұрғындары атынан алғыс білдіремін, - деген Айтолқын Серікқызы бірқатар медицина қызметкерлерін осы саланың дамуына қосқан қомақты үлестері үшін төс белгілермен марапаттап, облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты шарада сондай-ақ Amanat партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Докторбек Мәселбеков медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, партия аудандық филиалы атынан Алғыс хаттарды табыс етті.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өткізілген салтанатты жиын Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Гүлназия Серікбаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2 -курс студенті.
25.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 243
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 313
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 266
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 302

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5720