Ақ халатты абзал жанға мың алғыс

Ақ халатты абзал жанға мың алғыс
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық». Осы бір қанатты сөзді той-жиындарда жақын-жұратқа «жаттанды тілекпен» жарыса айтып жатқанымызбен, шын қадірін басың ауырып, балтырың сыздағанда түсінеді екенсің.

Осыдан тура бір жеті күн бұрын, жоқ жерден іш-құрылысым түйнеп, дөңбекшім бір орнымда тұра алмай кеттім. Жедел жердем қызметі дереу Сарысу аудандық ауруханасына жеткізді. Сол сынаққа толы күні білікті дәрігер Маханбет Жұматаев шұғыл профилактикалық зерттеу шараларын қолға алып, соқырішек диагнозы екенін тап басып анықтады. Осылайша сол мезетте ота үстелінен табылдым.

«Бәрі бір Алладан – біз себепшіміз» деген. Ота сәтті өтті. Ертесіне жан сақтау бөлімінде ес жидым. Өзің жақсы болсаң, алдыңнан үнемі жақсы адамдар жолығатыны – өмірдің жазылмаған заңы. Мұнда да дәрігер анестезиолог-реаниматоллог Еркін Шегетайұлы қажетті ем-домын жасап, жалпы палатаға ауыстым. Қазіргі ахуалым қанағаттаралық.

Осы ретте қиын сәтте шыбын жыныма араша түскен, антына адал ақ халатты азаматтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көңіл – көңілден су ішеді емес пе? Ауырмаңыздар!..

Гүлбану БАУБЕКОВА, «Сарысу» аудандық газетінің дизайнері
26.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ХАЛЫҚҚА  БЕРЕРІ МОЛ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 64
АҚСЕЛЕУ ауылы – орындалған арман
Сұхбаттасқан – Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 17.10.2024 58
Кейкі батырдың жүрегіндегі түк
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 53
МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚ  ЖАЙЛЫ САБАҚ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 54
МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ ӨТКЕН ШАРА
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 64

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6320
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5757
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8954
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6752
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7956