«Ақ жол» Демократиялық партиясы сайлауалды науқанды қорытындылады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы сайлауалды науқанды қорытындылады

27 қарашада Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының отырысы өтіп, онда мәслихат сайлауы науқанының нәтижелері мен болашақ депутаттардың міндеттері талқыланды.

Партия мәліметінше, өңірлік филиалдар 1,5 мыңға жуық іс-шара өткізген. Негізгі басымдық жеке кездесулерге берілді: оның 580-ге жуығы еңбек ұжымдарымен, тағы 165-ке жуығы кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен ұйымдастырылды. Сондай-ақ кандидаттар тұрғындармен, жастармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесті.

Кездесулер барысында сайлаушылар жол жөндеу, ауылдарды газдандыру, қоғамдық көлік тапшылығы мен аулаларды абаттандыру мәселелерін көтерді. Әлеуметтік түйткілдердің қатарында емханалардың шамадан тыс жүктелуі, дәрігерлер жетіспеушілігі және мектептердегі орын тапшылығы аталды. Ал кәсіпкерлер салық жүктемесі мен отандық өнімді өткізу қиындықтарын алға тартты.

Жинақталған өтініштер жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Сонымен қатар олар партия атынан сайланатын мәслихат депутаттарының алдағы жұмыс жоспарына негіз болмақ.

Сайлауға қатысу үшін «Ақ жол» партиясы 430-дан астам кандидат ұсынды. Құрылтай Төрағасының орынбасары, «Ақ жол» Демпартиясының Төрағасы Дания Еспаева кандидаттар құрамының жаңарғанын атап өтті.

«Біздің кандидаттарымыздың арасында тәжірибелі депутаттар да, жаңа есімдер де, өз ісінің кәсіби мамандары мен кәсіпкерлер де бар», — деді ол.

Партия Төрағасы өңірлік филиал қызметкерлеріне науқан барысында атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, кандидаттарға сайлаушылар алдындағы жауапкершілікті еске салды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

27.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29934
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29482
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46705
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42268
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 47055