«Ақ жол» демократиялық партиясының 2022 жылдың 5 маусымында өткен жалпыхалықтық референдумы жөніндегі мәлімдемесі

«Ақ жол» демократиялық партиясының 2022 жылдың 5 маусымында өткен жалпыхалықтық референдумы жөніндегі мәлімдемесі

Республика Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша өткен референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті. Сайлаушылардың келуі, дауыс беру нәтижесі секілді азаматтардың нақты таңдау құқығын, соның ішінде, өзге пікірде қалу құқығын көрсетіп берді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл құқықты демократияның басты талабы деп санайды. Қоғам сенімін тек адалдықпен, ең бастысы – қарсыластарға деген әділдікпен иемденуге болады.

Бұған дейін жүргізілген конституциялық реформа талқылаулары қоғамымыздағы қоғамдық-саяси көзқарастардың кең ауқымын көрсетіп, референдум қорытындысы бұл пікір алуандығын әділ тіркеді.

Сонымен қатар, референдум өзара сыйластық пен саяси пікірталаста сабырлықты сақтай отырып азаматтарымыздың өзге пікірлермен санасуы секілді қоғамның жаңа саяси мәдениетін айқындап берді.

Референдум барысында учаскілерді бақылаған «Ақ жол» демпартиясының өкілдері сайлау заңнамасының қатаң бұзылуын тіркемеді. Тек дауыс беру нәтижесіне әсер етпейтін техникалық ақаулар мен сайлаушылар тізіміндегі бөлек сәйкессіздіктер байқалды. 

Референдум қорытындысы талассыз болып табылады және Қазақстан халқының мықты президент, ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар мемлекетті басқараудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды.

Референдум, сондай-ақ, президент Қ.Тоқаевқа жәнеәділ мемлекет пен Жаңа Қазақстан құру жолындағы миллиондаған қазақстандық үміт артып отырған бастамаларына деген қоғам сенімінің жоғары деңгейін көрсетті.  

Бірақ, 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан халқы жол ашқан мүмкіндіктердің іс жүзінде жүзеге асуы – біздің әрқайсымызға тікелей байланысты.

Барлық азаматтарды, кәсіпкерлер мен шенеуніктерді, жастар мен зейнеткерлерді, жұмысшылар мен шаруагерлерді, түрлі ұлттар мен дін өкілдерін – шын мәнінде Жаңа, әділ Қазақстанды құруға кірісуге шақырамыз.

08.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540