Ақау жойылып, жылу тұрақты беріліп жатыр

Ақау жойылып, жылу тұрақты беріліп жатыр

Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданындағы үйлерде жылу мәселесі шешімін тапты. Бірнеше күн бұрын «Қарағайлы» шағын ауданы тұрғындары үйлерінің салқын екенін айтып шағымданған. Анықталғандай, бұған жертөледегі жылу пунктерінен ақау шығуы себеп болған. Осыған орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен №3 жылыту қазандығы арқылы жылу қуаты арттырылып, жертөледегі ақау жойылды. Қазір жылу тұрақты беріліп жатыр. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі: «Алайда бірнеше үйдің тұрғындары қабырғаларында жарықшақтар пайда болып, терезелерінде қырау қатып тұрғандығы туралы айтуда. Соған орай енді Семей қаласының құрылыс бөлімінің техникалық қадағалау сарапшысы және «ТеплоКоммунЭнерго» МКК жылу инспекциясының өкілдері Қарағайлыдағы үйлерге техникалық тексерістер жүргізеді. Техникалық қорытындылар жасалғаннан кейін үйлерді тұрғызған мердігер компаниялар анықталған кемшіліктерді жояды», – деп хабарлады.

 

Ермек Сахариев
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 74
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 124
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 75
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41206
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37129
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388