АҚШ-та қазақтар саны 100 мыңға жуықтады

АҚШ-та қазақтар саны 100 мыңға жуықтады

 «Хабар 24»: «Америка Құрама Штаттарында тұрып жатқан қазақтар саны шамамен 100 мыңға жуықтады. Бұл біздің ел азаматтарының ғана емес, Түркия, Моңғолия, Қытай сияқты әлемдегі өзге де мемлекеттерден барған қандастардың жалпы саны», – деп хабарлайды. Қазір тіл курстарына деген қажеттілік туындай бастады. Себебі жат құрлықтағы бала-шағасын түп-тамырынан ажыратпаудың қамын ойлап жүрген қазақ көп. Вашингтон қаласы мен Вирджиния және Мэриленд штаттарында тұрып жатқан қазақтардың жиынында осы мәселе сөз болды. Басқосуды Қазақ-Американ қауымдастығы ұйымдастырды. Бұл – пандемия кедергі келтірген үш жылғы үзілістен кейінгі басқосу. Табиғат аясындағы кездесуге АҚШ-та жұмыс бабымен жүрген, білім алып жатқан, біржола қоныс аударған, көшсем бе деген қазақтар келді. Осы жақта тұрмыс құрған қыздар да қалыс қалмады. Мақсат біреу – барынша тығыз араласып, тіл мен ділді сақтау. Түп-тамырын ұмытпау. Бет қатталып жатқанда жақсы хабар естідік. АҚШ-та қазақ мектебі ашылыпты.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев: «АҚШ-тағы «Американың этникалық топтары» деп аталатын Гарвард энциклопедиясындағы мәлімет бойынша 1960 жылдары АҚШ-та 20 шақты қазақ шаңырағы болған. Ал қазір шамамен 100 мыңға жуықтады. Қазақ диаспорасы көбірек шоғырланған жер Нью-Йорк. Cодан кейін Маями, Флориданың оңтүстік аймағы, Лос-Анжелес және Чикагода бар. АҚШ-дағы Қазақстанның Елшілігі оларға жан-жақты көмек көрсетуге әзір. Отандастар қорымен құрып жатқан біраз жоспарларымыз бар. АҚШ жалпы саны біздің пайымдауымыз бойынша 100 мыңға жуық қазақ азаматтары бар. Қазақтың Америкадағы ең үлкен шаңырағы біздің Елшілік деп білеміз. Әркімге біздің айтар сөзіміз, әр қазағым жалғызым деп қараймыз», – дейді.

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370