АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, кеңестің алғашқы жиыны өтті.
Возможно, это изображение (1 человек, сидит и стоит)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірзақ Озғанбайұлы, Амангелді Айталы, Бақытжан Ертаев, Оралбай Әбдікәрімұлы, Ғарифолла Есім, Смағұл Елубай, Жабал Ерғалиев, Марат Тоқашбаев, сондай-ақ ардагер имамдар қатысты.
Возможно, это изображение (2 человека и люди сидят)
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: "Қай дәуірде болмасын жастардың жасампаздығы үлкендердің көңілінен шыға қоймаған. Әйтсе де, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жастардың ең жақсысы – кәрілерге ұқсағаны» деп айтқандай, яғни, түр-әлпеті емес, жүріс-тұрысынан даналық есіп тұратын жас буынның қалыптасуына көпті көрген үлкендердің әсері мол.
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят и в помещении)
Біз көбіне қоғамда, тұрмыста, отбасыда болып жатқан келеңсіз жайттардың салдарымен күресуге әдеттеніп алдық. Енді салдарымен емес, себебімен күресетін уақыт әлдеқашан жетті.
Возможно, это изображение (9 человек и экран)
Осы орайда біз қазақ халқының ертеден келе жатқан ақсақалдар институты мен әжелер мектебін жандандыруымыз қажет. Осы мақсатта тиісті іс-шараларды қолға аламыз. Атап айтқанда, Ақсақалдар кеңесін құрып, республикалық Ақсақалдар форумын, сондай-ақ «Қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында республикалық әжелер форумын өткіземіз.
Возможно, это изображение (4 человека, люди сидят и люди стоят)
Бұл іс-шаралар қоғамға оң әсер етеді деп сенемін. Дуалы ауыз қарттарымыз Діни басқарманың қоғаммен байланыс бағытындағы жұмыстарына жаңа серпін беретініне сеніміміз кәміл» деді.
Возможно, это изображение (1 человек и сидит)
Жиынға қатысушылар кеңес жұмысын жандандыруға қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, дін мен дәстүрді насихаттау, жастарды адамгершілікке баулып, зиянды әдеттер мен жат діни ағымдар жетегіне еріп кетуден сақтау жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Ағабек Қонарбайұлы
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540