АҚТӨБЕ ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!

АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!

Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. 15-18 қараша күндері «Қоныс» спорт кешенінде өткен жарысқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ге жуық қатысушы келді. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынасты. 

Бұл чемпионаттың жай республикалық турнирден маңызы зор, себебі бұл жарыста медальдармен қатар, ел құрамасына кіру мүмкіндігі де сарапқа салынды.

Соңғы рет осы спорт түрінен мұндай көлемдегі жарыс қаламызда 2016 жылы өткізілген-ді. Міне, араға сегіз жыл салып спортшылар Ақтөбе татамиінде тағы кездесті. 

– Ақтөбе өңірін еліміздегі дзюдоны дамытудың маңызды орталығы деуге әбден болады. Мұнда ең мықты дзюдо мектептерінің бірі негізі қаланды, еңбек сіңірген жаттықтырушылар жұмыс істейді және аймақ көптеген танымал спортшыларды, соның ішінде әлемдік турнирлердің алғашқы жүлдегерлерін дайындады. Олардың ішінде дзюдодан әлем чемпионатының бірінші жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушылары бар. Қазақстанның халықаралық жетістіктеріне үлес қосқан Ақтөбе облысының дзюдодан басқа да табысты спортшылары аз емес, – деді ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев.

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Шараға қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те арнайы шақырылды. 

Асхат Шахаров құттықтау сөзінде дзюдодан чемпионаттың дәл Ақтөбеде өтіп жатқанының маңыздылығын атап өтіп, Туризм және спорт министріне қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.

15-18 қараша күндері өткен жарыс тартысты болды. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады.

Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.

М.Табын, Ақтөбе облысы
23.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 62
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 58
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 62
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 258
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 880

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8954
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8350
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11575
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9332
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10560