Ақылды адам кек сақтамайды — бәрін Құдайға тапсырады

Ақылды адам кек сақтамайды — бәрін Құдайға тапсырады

 

«Осал адам кекшіл. Мықтылар кешірімпаз. Ақылдылар ештеңені елемейді» — Альберт Эйнштейн.

Өмірде ештеңе де тектен тек болмайды. Шын мәнінде мықты тұлға әр нәрсе бумеранг сияқты өзіне қайтып келетінін жақсы түсінеді. Карма барлық қара жұмысты өзі атқарады – ерте ме, кеш пе – әркімнің есесі қайтады. Неге мұндай адамдар жылдар бойы әділетсіздікке төзуге дайын? Неге бірден кек алмайды?

Адам іштей кек алудың жоспарын әлдилесе, жүрегін қарайтады. Одан адамның өзі зардап шегуі мүмкін. Жаманат соны тудырған адамға қайтады. Сондықтан кекке қатысты көзқарасты түбірімен түзейтін 5 себеп бар.

1. Карма өктемдік жасаған адамның өзіне жамандығын қайтарады. Кек алмаған адам бұған көз жеткізеді.

Әр адамның айналасында белгілі бір энергия бар. Яғни, неғұрлым негатив ойласаңыз, сол нәрсе қайталана береді. Бұған басқа қырынан қарап көрелік, сол жаманатты елемеуге күш салсаңыз, ренжіткен адам сол жаманаттың ортасында өзі қалмақ. Карма оның жанына жегі құрт болып жабысады. Ешкімді араластырмастан өз ісіне өзі өкінетіндей күйге түсіреді. Ешбір кек карма сияқты турашыл болмайды. Ол көп күттірмейді. Оны жасырып керек емес. Карманың жасаған жауабын көргенде зардап шеккен адам кек алмағанына, өз жүрегін кірлетпегеніне қуанады. Қиянатшыл жанды өмір өзі жазаласа, сол дұрыс. Ақылды адамдар жаманатқа жүрегін алдырмайды, қолын қиянатқа былғамайды. Себебі, кек алған адам өзін кінәлі сезінеді. Кек алғанда ол адамның қаншалықты қиналатынын білмейсіз ғой? Ал сіздің қатысыңыз жоқ жерде ғаламның өз ісін алдынан келтірсе, онда әңгіме бөлек қой?

2. Қол былғап керек емес. Карма бәрін өзі жасайды.

Кек — адам қол былғауға тиіс соңғы нәрсе. Кейде заңды түрде есесін қайтаратындар бар. Бірақ біз тағдыр жайлы айтпақпыз.

Әр істің өз салдары бар. Әр жаманаттың ақысы бар. Ал екінші жағынан карма ешбір ақы сұрамайды. Оған сіз қатыспайсыз да.  Осы факт жанға жайлы тимек. Сізді ренжіткен адамның алдында ақ әрі таза болып қаласыз. Кек ешқашан лайықты әрі таза болмайды. Сондықтан кек алған адам көбіне өзін кінәлі сезінеді. Ауыр жүк. Оны арқалап керек емес. Карма ауыр жүк арқалаудан құтқарады.

Ақылды адам кектің жетегінде кетпейді. Себебі, осы уақытқа дейін жасаған мың жақсылығын бір жаманаттың жуып кететінін біледі. Кектен аттап өтіп, ары қарай игілікке қызмет етуді жалғастыра беріңіз. Карма бәрін өзі орын орнына қояды.

3. Соғысты жалғыз адам жеңе алмайды.

Кек алмақшы болдыңыз делік. Қиянат жасаған адам сізден қаржылай жағдайы да мықты, күш-қуаты да көп адам делік. Бұл жағдайда бәрі сізге қарсы сияқты болады. Соғысты жалғыз жүріп жеңу мүмкін емесін түсінесіз.

Дана адам өзі жұта алатыннан артық тістемейді. Кекті қайтпек? Әр сәтте таңдау өз қолыңызда. Жүрегіңізді кекке малып, қарайтасыз, не жағдайды еркіне жіберіп, тағдырға тапсырасыз. Әрине, іштегі кекті ырықтап, жанын жамандықтан сақтап қалу үшін адамның ерік-жігері мықты болуы тиіс. Үлкен төзім қажет. Бірақ түбі бәрі жақсы болады. Кек ешкімге жақсылық әперген емес.

Айналасына зиянын тигізетін адам ерте ме, кеш пе соның зардабын өзі тартады. Бұл тұйық жол. Сіз дұрысын таңдаңыз. Артқа қарамай, алға жүруді үйреніңіз. Қиянат келтірген адамға тіреліп қалмай, келешекті жоспарлаңыз.

4. Кектің ақысы тым қымбат.

Егер кек алмай тынбасаңыз, ендеше салдарына дайын болыңыз. Не істегеніңіз маңызды емес. Қиянаттың бағасы әрдайым қымбат. Кек алған соң ренжіткен адамның орнына сіз түсесіз. Ол қиянатты елден жасырғанмен, жүректен жасыра алмайсыз. Карма сізге қарсы жұмыс істей бастайды. Күтпеген сәтте алдыңыздан шығады. Өзіңізді кінәлау күн өткен сайын арта береді. Ренжіткен адамнан бетер қиналасыз. Не үшін мұндай шектеуге түспексіз? Ақылды  адам ашудың ырқында кетпейді. Олар мұндай шектеуді жоюға тырысады. Негатив карманы болдырмауға барын салады. Кек алу бір сәттік қуаныш. Ал салдары тым азапты болуы ықтимал. Иттікке уақыт жұмсаудың қажеті не?

5. Кек алу лайықты болған бақытыңызды болдырмай тастайды.

Атақты музыкант Эдди Веддер айтыпты, ең жақсы кек — ары қарай өмір сүру, діттеген мақсаттарға қол жеткізу. Ал Фрэнк Синатра жетістікке қол жеткізуден артық кек жоқ деп есептеген.

Атақты тұлғалардың көпшілігі осы қарапайым ұстаныммен өмір сүрген. Ең дұрысы сол болғандықтан осы жолды таңдаған. Кекке уақыт алдырғанша, өз өміріңді жоспарлап, жетістікке бастайтын жолға түскен ең абзалы. Қиянат жасағандардан жасамаған адам бақытты, ары таза, жаны тыныш, арманға бастар жолы да ақ бола бермек. Қайтсем кек алам деп күн өткізсеңіз, қиянат жасағандардың дегеніне жеткені, тұнығыңды лайлағаны, жүрегіңе дерт байлағаны. Өздері ойлағандай, жаманатқа батқаныңа қуанбақ. Сіздің дертке бой алдыруыңызды көру – қиянатшыл жанға қуаныш. Ашу жеңіп кетпесін. Бақытқа бастайтын жолға қиянатты жолатпаңыз.

Күш-қуатыңызды арманға жету үшін жұмсаңыз. Жаңа мақсаттарға ынталаныңыз. Сонда қиянат жасаушылардың аузына құм құйылады. Ең дұрыс кек сол болмақ.

 

 

Виктор Сибибел Аударған Шынар Әбілда
18.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387