Ақын атындағы мектепте

Ақын атындағы мектепте

Байзақ ауданындағы белсенді білім ошақтарының бірі – Әзімбек Жанқұлиев атындағы орта мектеп. 2017 жылы ақын атын иеленген білім ошағында бірқатар білікті де тәжірибелі ұстаздар еңбек етеді. Мұндағы оқушылар да аудан, облыс көлемінде бірқатар жетістіктерге жетіп жүр.

Атап айтқанда, математика пәнінің мұғалімдері Баршагүл Шайкиеваның 38 жыл, Айхумор Умарованың 37 жыл еңбек өтілі бар. Осынау аса қажетті пәнге қызығатын шәкірттердің қатары көбейіп келеді. Мәселен, былтыр облыстық пәндік олимпиадада 11 сынып оқушысы Дәурен Қиялбек жүлделі екінші орынды иеленген. Ал, Дәуреннің болашақ ізбасарлары да аз болмайтыны анық. «Өнерлі өрге жүзеді» дегендей, ол 2022 жылы дойбыдан өткен облыстық ашық біріншіліктің екінші жүлде иегері. Бұл ретте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбол Уәлиевтің еңбегін атап өтуге болады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне оқушыларды қызықтыра білген ұстаз Алуа Абдуалиеваның да әр сабағын асыға күтетін шәкірттері көп. Нәтижесінде 10 сынып оқушысы Расул Рахиев облыстық пәндік олимпиадада жүлделі үшінші орыннан көрініп, қуантты. Осындай бағалауға биология пәнінің мұғалімі Маржан Талдаева да лайық. Ізденуден жалықпайтын М.Талдаеваның шәкірттері де табысқа жетіп жүр. Жоғарыда атап өткен облыстық пәндік олимпадада биология пәні бойынша Айзере Мейрамбайдың жүлделі үшінші орынға ие болуы – сөзімізге дәлел.

Бұл мектептегі 153 оқушының 28-і оқу үздігі. Оның ішінде 9-сынып оқушысы Айзере Мейрамбай «Үздік аттестаттан» үміткер.

«Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында мектептің мақтаулы түлектерімен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Олардың арасында мұғалім, кәсіпкер, өнерпаз түлектер бар. Солардың ішінде шаруа қожалық төрағасы Ербол Шәріпбаев мектептен көмегін аяған емес. Мүмкіндігі жеткенінше өзі демеуші болып, ауқымды іс-шараларға әріптестерін жұмылдырып, мектеппен байланысын арттырып келеді. Ақынжанды азамат Аманғазы Халықовтың да мектептегі қоғамдық жұмыстардан шет қалмайтын жақсы қасиеті бар.

Мектеп ұжымы әйгілі айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевтың есімін ардақтап келеді. Мәселен, ақынның 60 жылдығына орай, еске алу іс-шаралары жоғары деңгейде өтті. Әйгілі айтыскерге арналған көрмені де ауыл балалары қызыға тамашалайды. Мектепте әйгілі айтыскердің ұстазы Қасқырбай Нарбатырды, ағасы Алтынбек Жанқұлиевты, жары Бақыт Сапаралиеваны шақырып, кездесулер өткізу толастаған емес. Мұндай кездесулердің жас ұрпаққа ізгі әсері мол. Мектеп директоры Айдос Әміров:

– Біздің мектепке жерлесіміз, әйгілі айтыскер Әзімбек Жанқұлиевтың есімі берілгенін мақтан тұтатамыз. Аңыз айтыскерге арналған алғашқы айтыс та Шорабек Айдаров, Серік Қалиев секілді айтыскерлердің қатысумен осы білім ошағында өткен еді. Қазіргі таңда, екі жыл сайын аудан орталығына Әзімбек Жанқұлиевқа арналған облыстық, республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр. Мектеп оқушылары білім, спорт, өнерге ынталы. Ұстаздардың да өз мамандықтарына деген құрметі жоғары. Бұйырып жатса, біздің мектептен де жас айтыскерлер шығады деп сенеміз, – бар дейді.

Есет ДОСАЛЫ Байзақ ауданы
05.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 30
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7230
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11095
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7295
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7439