“АҚЫНДАЙ СЕЗІМТАЛ, ӘЛЕМДЕ ЖАН БАР МА?” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

“АҚЫНДАЙ СЕЗІМТАЛ, ӘЛЕМДЕ ЖАН БАР МА?” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Әулиеаталық ақындармен «Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
♦️ Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Жарылқасын Аманұлының өлең жолдарымен аталған кешке арнайы ақын, белгілі журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Қамар Қарасаева, жазушы, журналист Ардақ Үсейінова, Қазақстан Жазушылар мен журналистер одақтарының мүшесі, ақын, журналист Нұржан Қадірәлі, ақын, «Ақ жол» газетінің тілшісі Нұржан Әліш қатысты.
🔷 Жас болса да, әдебиет әлемінде өзіне тән соқпақ жол салған ақындардың өмірлік және шығармашылық жолдарымен кітапхана оқырмандарын жан-жақты таныстыру, кітапхананың жас оқырмандарын ақындармен жүздестіру арқылы, олардың туындыларын оқуға баулу мақсатын көздеген кітапханашылар, іс-шараға арнайы поэзияға жаны құмар бір топ студенттер мен оқушыларды шақырды.
🔶 Поэзия, ақындық өнер, бүгінгі қазақ әдебиеті жайлы орамды ой, түйіні терең философиялық әнгіме айтылған кеште замандас ақындарының ізімен ерген ізбасар іні-қарындастары өз шығармалары мен арнауларын тарту етсе, ақындар өз өлең жинақтарынан жыр төкті.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
09.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540