Ақжарқын, ақкөңіл жан еді...

Ақжарқын, ақкөңіл жан еді...

Жұмаділ-Есір Дәурен Сатыбалдыұлы ағаммен көптен бері араласамын. Қоғам қайраткері. Елі, Отаны үшін жанын беретін нағыз ақжүрек ағамыз. Зайыбы, марқұм Мәрзина Нұрқұлқызы апамызбен телефонмен бірнеше рет сөйлескенмін. Сөздері жылылыққа, шуаққа толы көрінді. Бірде ағамыз бірнеше күн хабарсыз кетті. Келген кезде ағамыздың көзінен мұң мен жасты көрдім. Мәрзина апамыздан айырылып қалыпты. Көкірегі өксікке толы Дәурен ағаға бұл зор соққы болды. Бейсенбілігінде үйінде болып, құран бағыштадық. Үш ұлы Бақыт, Дәулет, Ермек және келіндері Жанна, Жазира әкелерінің жағдайына қарап, құрақ ұшып тұрды. Сүйсіндім. Оларға Алла разы болсын! Мәрзина апа еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген соң, түрлі қызметтерде болыпты. Кейін ол кісі қайта мұғалімдікке бет бұрған. Біз бүгін апамыздың жатқан жері жайлы, иманы саламат, жаны жұмақта болуын Жаратушы иемізден тілей отырып, ол кісі туралы жүрекжарды пікірлерін, тілектерін айтқан бірнеше кісіге сөз береміз. 

Батырбек Сәрсенбай, бірге қызмет еткен інісі:  

– Майяны біз Мәкен дейтінбіз. Төлқұжатындағы есімі басқаша. Оны  жақында Мәкенді соңғы сапарға шығарып салу барысында білдім.

Мәкен біздің ұжымға, ұмытпасам, өткен ғасырдың сексенінші жылдардың басында қосылды.  Ол кісіні одан бұрын да танитынмын. Себебі, Қазақ ұлттық университетінің бір факультетін бір жылда тамамдадық. Сонан соң Дәурен ағаммен тұз-дәмдері жарасып отау құрды. Балалар дүниеге келді. 

Мәкен өте ашық, ақжарқын,   әркімге қол ұшын  беруге даяр тұратын ақжүректі жан еді. Есімде, олар Гагарин даңғылында бір бөлмелі пәтерде тұрды. Бірде жол түсіп бара қалсам, менің сырқаттанып жүргенімді байқап қалып, құрақ ұшып емдеуге кірісіп кеткені. Дәрісін беріп, жылы-жұмсағын алдыма қойып, сауықтырып жібергенін ұмыта қойған жоқпын.

Біздің  зертханада жұмыс істеп жүргенде де ұжымның белді мүшесі,  көптеген бастамалардың ұйытқысы болатын.  Ол кезде біздер өсімдік тамырында иондар  тасымалына қатынасатын АТФаза ферментін  бөліп алып,  биохимиялық қасиеттерін зерттейтінбіз. Мәкен бірнеше ғылыми мақалалар жазып, конференцияларда баяндама жасады. Алтын асықтай үш жігітті  өсіріп, аяулы ана, сүйікті жар, өнегелі әже бола білді. 

Құрметті  Майя-Мәкен!  Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз,  жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын! 

Искандер Алідешович, бөлесі:

– Майя Нұрқұлқызы (Мәрзина) – менің анамның кіші сіңлісі. Мен 74-темін. Майя мені бала кезімде тәрбиелеген әпкем. Роза мен Зоя тәтелерім де бірге болды. Алматыға келгенімде мектеп, университет бітіруіме зор көмек көрсетті. Майя Нұрқұлқызы менің өмірімде, отбасымда жарқын жүзімен есте қалды. Ғылым академиясында ұзақ жылдар бірге істедік. Майя тәтем өте мейірімді жан болды. Әрқашанда адамдарға көмектесіп жүретін. Өте сенгіш болатын. Майя Нұрқұлқызын біз әрқашанда есімізде сақтаймыз.

Гауһар Қаулыбаева, әріптесі:

– Майя Нұрқұлқызы «№7 арнайы мектеп-интернатына» 1993 жылы тәрбиеші болып орналасты. Тәрбиешілікпен қатар, «Отантану» пәнінен сабақ берді. 1995-2010 жылдар аралығында тәрбиешілік пен тәрбиешілердің әдістемелік кеңесінің төрайымы лауазымын қатар алып жүрді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне бар күш-жігерін жұмсай жүріп, студенттер мен жас мұғалімдерге тәлімгер бола білді. 1996-2006 жылдар аралығында мектеп-интернат мұғалімдерінің кәсіподақ төрайымы қызметін атқарды. Майя Нұрқұлқызы өз кәсібіне берілген, жаны сұлу балалардың мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білген зиялы тұлға. Ол кісінің жүрегі кең, әрбір әріптесіне ақыл-кеңесін беріп, көмегін, жылы сөзін аямаған, мейірімін төккен кең пейілді жан еді. Мәрзина Нұрқұлқызы мектеп ұжымының есінде мәңгі сақталады

 

Е. ЕШМҰРАТТЕГІ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 2
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 41
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 22
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 47

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1202
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7247
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11113
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7312
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7458