Әр ана сәбиімен бақытты

Әр ана сәбиімен бақытты

 

Медицина саласының маманы болуда  ақ халатты абзал жан үшін ынтық жүрек құштарлық танытқанымен, оның артында үлкен жауапкершілік жүгі тұрады. Бұл мамандыққа қойылатын ең басты шарт – адам денсаулығын сақтамас бұрын әуелі өз денсаулығың қалыпты ма, сен бар ғұмырыңды адам өмірін құтқаруға  арнауға дайынсың ба деген сұрақ  денсаулық сақтау саласының мамандарын мазалауы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан дәрігер мамандығын таңдау өте маңызды да жауапты іс. Ол тал бесіктен жер бесікке дейін ғұмыр бойы ізденіп, білім мен тәжірибеңді толықтырып жүретін  сала. 

Қазақстанда 9 000-нан астам акушер жыл сайын 500 мыңға жуық жүкті әйелге білікті медициналық көмек көрсетеді, бұл жүктіліктің қалыпты ағымын, сондай-ақ босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді екен.  Қазақстанда жүкті әйелдерді медициналық персоналдың пренаталдық бақылаумен қамтуы 99%-ды құрайды. Біздің елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала туады, бұл туудың жоғары деңгейін және аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін көрсетеді.                                 

Менің мамандығым – акушер. Акушер,  бұл – әйел адамдарға жүктілік және босану кезінде көмек көрсететін маман. Осы мамандық бойынша мамандардың екі типін бөлуге болады: жай акушер және түрлі міндеттер мен мүмкіндіктер спектрі бар акушер-гинеколог. Акушер пациенттерге моральді тұрғыда қолдау көрсетеді және жаңа туған нәрестелерді қабылдап алады. Осындай мамандық иесі болып перзентханада жұмыс істегеніме 12 жылдан аса уақыт болыпты. Бүкіл жауапкершілік жүгі мойнымда болған соң, әрбір жаңа  туған сәбидің үнін естігенде қуанып, шетінеп кеткендерін көргенде көзіме жас алып жылаған күнім де аз болмайды. Шіркін, дүниеге шыр етіп келген сәбилер қандай бақытты десеңші!.. Шығарып алуға келген жандарды көрсең, небір шетелдік көліктер перзентхана алдында тізіліп тұрады. Құдды бір патшаның әйелі дүниеге сәби әкелгендей от шашулар көздің нұрын алып, сайқымазақ клоундар өнер көрсетіп, ән-би, күй шырқалып дүниенің астаң-кестеңін шығарады. Әрине, бұл қуанышқа толы көңілмен  ұйымдастырылған шаралар. Бәлкім, бірі өмірге ұзақ жылдар бойына күткен сәбиі дүниеге келіп соның қуанышы шығар. Неше түрлі видео-түсірілімдер, қысқасы перзентхана алды, пайда табу ісін көздегендер үшін де ең қолайлы мекемеге айналған. Сондай-ақ, бұл жерде жағдайы жоқ, ешкім шығарып алмаса да, өздігінен келіп босанып шығатындар кездеседі. 

Өз басым бұл салаға кездейсоқ келген жоқпын. Арманым акушер болу еді. Неге екенін білмеймін, осы мамандықты жастайымнан қаладым. Алғаш рет Алматы облысына қарасты Талғар қаласындағы медицина колледжіне оқуға түскенде бірден акушер болып кеткендей сезімде болғаным рас. Өйткені  өте балажан едім. Сәбилерге сүйсініп қарайтынмын. Кез келген әлдиді қолыма алып рахаттанып иіскемесем, тұла бойым соны аңсап тұратын. Бәлкім,  жаратылыс иесінің маған бұйырған ерекше сыйы осы шығар. Оқуымды бітіріп Талғар қаласындағы орталық аурухананың перзентханасына 2012 жылы жұмысқа тұрғаным әлі есімде. Көзіме ыстық жас алып қуанып едім. Содан бері де уақыт жылжып, 12 жылды артқа тастапты. Қаншама сәбидің дүниеге келуіне көп септігім тиді.

Өз басым сәби сүю бақытының қандай болатынын өте жақсы білемін. Өйткені  өзімнің де төрт балам бар. Жасым отыз төртке жетіп қалды, төрт баланың анасымын. Тағдыр сынағы өмірлік жолдасымды қасымнан айырып алып кетпегенде, әлі де дүниеге сәби әкелетін  ынта-жігерім бар еді. Ендігі қалауым, перзентханада босанатын аналардың сәбилері аман-сау, дүниеге шыр етіп келген әрбір шарана елімізге құт болып келсе, бар тілеуім сол болмақ. Сондықтан қазіргі жас буынның  назарында ұстайтын бір ауыз сөзім, ең бірінші мамандық таңдау маңызды емес, жар таңдау маңызды. Екінші айтарым, мамандық таңдауда да  қателеспеу керек. Тіпті бұйырған маман иесі болсаң да, өмірлік ізденіс пен соны жақсы игеруге үлкен еңбек керек. Мен жар таңдауда да, мамандық таңдауда да қателескен жоқпын. Өзімді бақытты жанмын  деп есептеймін. Сүйген мамандығымды істеп жүрмін. Акушер болу арқылы  ең бастысы менің өмірге деген құштарлығым артты. Ал, қазіргі жас қыздардың арманы не? Олардың  таудай мақсаты  байлық пен мансап,  танымал бизнес ледди  болуды қалай  ма, әлде  халыққа титтей де болсын пайдасы тиетін қарапайым мұғалім, сатушы, дәрігер болуды армандай ма екен?..    

Гүлзира ТҰРСЫНОВА, Алматы облысы
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 54
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 80
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 136
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 59
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 89
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 110

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12836
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16093
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14997
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20047