Әр шаңырақ үшін жауаптымыз!

Әр шаңырақ үшін   жауаптымыз!

Жаңа Қазақстанның болашағы бәрімізді де алаңдатады. Сондықтан барлық Қазақстан азаматтары мен билік тізгініне келгендерге айтарымыз бар. Әр қала, әр ауыл жұмыспен де, өніммен де өзін қамтамасыз ете алатындай тәуелсіз болсын! Бір мегаполистерді, астаналарды жарқыратып, миллиондаған адамдарды шоғырландырып қоя берер болсақ, өзге елді мекендер қалай дамымақ? 

Жемқорлықтың күшеюі қарапайым халықты бір күні болмаса, бір күні шыдамның шегіне жеткізетінін көрдік. Барлығы «менікі», «өзім ғана бақыт пен байлыққа белшемнен батамын» деу нағыз менмендік. Себебі жүйені құратын да, қоғамды жасайтын да көпшілік. Ал көпшілік аш болса, түбі сенің үйіңе де жетеді. Мемлекет бір ғана отбасыдан тұрмайды. Аяқтан тік тұру үшін, экономикамызды жақсарту үшін, әрбір отбасының бақытты, алаңсыз өмір сүруі үшін бәріміз жауаптымыз. Осы ойды тағы да естеріңізге сала отырып, Амангелді Айталының «Ұлттану» атты еңбегінде жазылған мына үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз.

 

Немістердің өсиеті:

1. Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғаныңда өз еліңе бір тиын зиян келтіретініңді ұмытпа!

3. Сенің ақшаларың тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкеледі.

4. Шетелден келген машина және құрал-саймандарды қолданып, герман жерін, шаңырағын, герман шеберханасын қорлама!

5. Өз дастарханыңда шетелдің еті, майы, тағы басқаларына ерік берме, себебі ол неміс ет өндірісіне және отандық шаруашылығына зиян келтіреді.

6. Әр уақытта неміс қағазына, неміс қаламымен, неміс сиясымен жаз да, неміс сорғыш қағазымен сорғыз.

7. Немістің игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

8. Тек қана неміс матасымен тігілген сырт киімдер мен неміс қолынан шыққан бас киім ки.

9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш. Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет!

10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде берік сақта, герман азаматының керегін тек Германия шығара алады.

 

P.S: Қазақтың әр азаматы осы немістердің өсиетін үлгі тұтса дейміз.

27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 116
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 115
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 631
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 749
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 661
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 674

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8809
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8208
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11434
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9190
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10419