Арал теңізіндегі су көлемі артты

Арал теңізіндегі су көлемі артты

    Экологтар Сырдария өзені сағасының өткізу қабілеті мен ирригациялық көлдерді сумен қамтамасыз етудің артып, Арал теңізіндегі су көлемінің 11,5 текше километрге ұлғайғанын айтты. Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі: «Бұл Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды»,  – деп хабарлады. Экологтар «Ғасыр жобасы» деп атаған жоба мынадай мақсаттарға қол жеткізуге көмектескенін айтады: Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгеті, Әйтек құрылыстар кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды;  Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара және Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілді.

   Экология минимтрлігі: «Осыған байланысты Арал теңізінің солтүстік бөлігіне ағатын су көлемі ұлғайды. Арал өңірінің көптеген биологиялық түрлері қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету жақсарды. Жобаның бірінші фазасын іске асыру нәтижесінде: Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті 350-ден 700 м/с дейін артты; географиялық климат түзуші объект ретінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау іске асты; ирригациялық және көлдік жүйелердің сумен қамтамасыз етілуі артты; Шардара бөгетін пайдалану қауіпсіздігі мен СЭС-інің жұмыс режимін тұрақтандыру артты; өзендегі қолданыстағы құрылыстардың сенімділігі артып, оларды пайдалану мерзімі ұлғайды; су тораптарының пайдалану сипаттамалары жақсарды; Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің биоалуантүрлілігі қалпына келтірілді. Министрлік: «Бұл өз кезегінде көлдерді қалпына келтіруге алып келді және балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Бұрын теңізде жоғалып кеткен балықтың 13 түрі қалпына келтірілді. Балық аулау көлемі 400-ден 7,0 мың тоннаға дейін ұлғайды»,  деп мәлімдеді. 

    Қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің екінші кезеңінің жобасы дайындалуда. Сондай-ақ Арал теңізіндегі балық шаруашылығын қайта жаңарту жоспарлануда. 1960 және 1980 жылдар аралығындағы кезеңде Арал теңізінің қажеттіліктерін ескермеу салдарынан жылына 60 киллометрге тең су ағыны 9-12 киллометрге дейін қысқарған болатын. Салдарынан Арал теңізі балық шаруашылығы мен рекреациялық маңызын жоғалтқан. Әмудария мен Сырдария өзендерінің бірегей ландшафттық аймақтары нашарлап, теңізге жақын аудандарда климаттық жағдайлар өзгере бастаған болатын.

Ермек САХАРИЕВ
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380