АРАЛАС МЕКТЕПТЕН БАС ТАРТАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ

АРАЛАС МЕКТЕПТЕН БАС ТАРТАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ

Аралас мектеп – бүгінгі таңдағы халықты алаңдатқан ең өткір мәселенің біріне айналып отыр. Ашығына көшсек, аралас мектеп мәселесін осыдан он бес-жиырма жыл бұрын шешу керек еді, біз тым кешіктіріп жібердік. Қазір ушығып, күрделеніп кетті. Осы ретте Қазақстандағы аралас мектептердің жағдайы қоғамның күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселе екенін атап өтуіміз керек. 

 

Сондай-ақ бұл тек бүгін ғана көтеріліп отырған мәселе емес, мамандар мен қоғам белсенділерінің «аралас мектептерді  жабу керек» деп дабыл қаққанына көп уақыт болды. Тіпті, кезінде бұл түйіткіл Парламент мінберінде де көтерілген. Оны көтерген депутат Динара Нөкетаева болатын. «Қазақстандағы аралас мектептер ел мектептерінің 30%-ын құрайды. Әлемнің ешбір елінде мұндай көрсеткішті көрмейміз» деп мәлімдеген еді ол. Парламент депутаты аралас мектептерді неге өткір сынның астына алды? Оны алаңдатқан не? Себеп біреу – елімізде аралас мектептерде білім алатын 1,5 млн баланың қазақ тіліне деген сұранысы тым төмендеп кеткен. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті, әлі күнге бір шешімін тапқан жоқ. Қазақ елінің бас қаласында қазақ мектептері жабылып,  орнына аралас мектептер бой көтеруде.  Астанада осыдан бірнеше жыл бұрын 37 қазақ мектебі болса, ол былтырғы оқу жылында екеуге кеміп, елдің көз алдында аралас мектепке айналып кеткен. Көрдіңіз бе, еліміздің бас ордасында қазақ мектебі көбеюдің орнына, екі мектепке азайған. Соңғы уақытта баласын қазақ сыныбына емес, орыс сыныбына сүйрейтін ата-аналар көбейіп кетті. Неліктен бұлай болып отыр? Ата-аналар балаларын не үшін қазақ мектебіне емес, орыс мектебіне сүйрейді? Орыс сыныбының қазақ сыныбынан артықшылығы неде? Әлде, олар қазақ тілінің болашағына сенбей ме? Бұлардан басқа Алматыда – 60, Нұр-Сұлтанда – 50 жекеменшік мектеп жұмыс істейді екен. Негізінен бұл оқу мекемелері де аралас мектептердің санын көбейтіп отыр. Ал, аралас мектептер деген аты болмаса, шын мәнінде орыс мектебі, соның көшірмесі. Ондағы қарым-қатынас құралы, құжат тілі – түгелімен орысша.  Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан асса да сең бұзылған жоқ, проблема әлі бәз-баяғы күйінде тұр.  Бұл нені көрсетеді? Бұл – енді бізге бос сөз емес, нақты әрекетке көшу керек екенін көрсетеді.  Әрекетке көшпей, әділдік орнамайтынын көрсетеді. Әрекеттің ең басты тетігі заңда тұр десек, Конституция мен Тілдер туралы заңға шұғыл түрде түзету енгізу қажет. Мысалы орыс тілінің «ұлтаралық қатынас құралы» деген мәртебесінен айыратын уақыт жетті.  Басқасын айтпағанда, Қазақстандағы орыс диаспорасының үлес салмағы осыдан отыз жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда едәуір төмендеп кеткен. Бүгінгі таңда олар барлық қазақстандықтардың небәрі 20%-ын ғана құрайды. Олай болса, «орыс тілі – ұлтаралық қатынас құралы» мәртебесіне қаншалықты лайық? Лайық болмаса  өз міндетін атқара алуы мүмкін бе? Қазақстандағы ұлтаралық қатынас құралы міндетін атқаруға мемлекеттік тілдің қауқары да, қабілеті де, рухы да, қажыр-қайраты да әбден жетеді, оған сенімдіміз. Ол үшін ең алдымен билік, үкімет, парламент мемлекеттік тілде сөйлемек керек. Сонда қоғам да мемлекеттік тілде сөйлейтін болады. Егер биліктің өзі мемлекеттік тілде сөйлемесе, басқаларға үлгі көрсетпесе, қазақ тілі төрге шықпайды. Тіліміз төрге шықпаса, тірлігіміз оңбайды. 

Білесіздер, еліміздегі орыс және аралас мектептердің санын арттырып отырған орыс диаспорасы емес, өзіміздің қазақтар. Сосын өзге ұсақ ұлттардың бүлдіршіндері. Жасыратыны жоқ, ұлты қазақ еместер балаларын орысша оқытуға құмар, қазақ мектебіне беретіндері сирек.  Міне, біз соларды қазақ мектебіне баруға мүдделілік танытып, мәдениетті түрде соған үгіттей білуіміз керек. Керек боса, «Қазақ баласы, аралас мектептен бас тарт!», немесе «Аралас мектептер жабылсын!» деген жалпыхалықтық акция ұйымдастырайық.

 

Бұл акцияға тек қоғам белсенділері емес, Білім министрлігінен бастап, облыс, қала, аудандық білім басқармалары, мектеп директорлары, депутаттар, ғалымдар, ардагерлер алдыңғы шепте жүріп атсалыссын. Мысалы, еліміздің барлық облыс орталықтарында педагогикалық білім беретін оқу орындары бар. Белсенділер сол мекемелерге барып, аралас мектептің зиянды жақтарын түсіндіру мақсатында студенттермен, оқушылармен, ата-аналармен неге кездесу жасамасқа? Бұл соншалық бір қиын жұмыс емес қой. 

БОЛАТ ШАРАХЫМБАЙ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601