Әрбір қыз бала құрақ құрай білуі керек

Әрбір қыз бала құрақ құрай білуі керек

Эльмира Қуанышбек мемлекет тарапынан 500 мың теңге грант ұтып алып, Қазығұрт ауданында алғашқылардың бірі болып ұзатылар қыздардың артынан апаратын жасауын дайындайтын кәсіп ашқан. Қазір оның осы кәсібін дөңгелетіп отырғанына 5 жылдың жүзі болыпты. 

Бұған дейін Шымкенттегі «Хан қызы» қыз жасауында жұмыс істеген болатынмын. Сонда жүріп қыз жасауын қалай дайындау керек, құрақ көрпе мен көрпешені, жастықты қалай тігу керектігін үйрендім. Мықты ісмерлерден тәжірибе жинадым. Тұрмысқа шыққаннан кейін өз кәсібімді ашуды мақсат еттім. Әкем қолдау көрсетті. Алдымен шағын цехты іске қостым. Содан кейін дүкен ашып, ұзатылар қыздардың артынан апаратын дүниелерді сатылымға шығара бастадым. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында келушілерге қыз жасауын ұсынатын жалғыз ғана дүкен бар. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейтуді мақсат етіп отырмын. Сонымен қатар, бүгінде техника мен технология дамыған заманда көрпе мен көрпешені де бұрынғыдай көктеп уақыт жоғалтудың еш қажеті жоқ. Қытайда көрпе қабитын станоктар бар. Мемлекет тарапынан қолдау болса, соларды да сатып алып, тігін цехымды кеңейткім келеді, – дейді Эльмира Қайратқызы. Эльмираның үкілеп өсіріп отырған екі қызы бар. – Жасау жас келіннің күнделікті тұтынатын ең қажетті заттары болып табылатындықтан, олардың сапасына баса мән беремін. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» демекші, қазақ халқы қызын жасаусыз ұзатпаған. Оған барынша ұқыппен қараған. Сондықтан, ата-бабамыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін жалғастырып отырғанымды өзім мақтан етемін. Бұйыртса, қыздарыма да осы кәсіпті үйретемін. Әрбір қыз бала құрақ құрай білуі керек. Оның мәні мен маңызы орасан зор, – дейді кейіпкеріміз.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540