Арманға қанат бітірген

Арманға қанат бітірген

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Білім басқармасы «Балалар мен чемпиондар» атты шара ұйымдастырды. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы филиалының «Білім парк» өнер-білім орталығында еліміздің мақтан тұтар чемпиондары балалармен кездесті. 

Кездесуге Білім басқарма басшысының орынбасары Римма Иманғазинова, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының орынбасары Айгүл Әйтінова, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан, шахматтан әлем чемпионы Сауат Нұрғалиев, көркем гимнастикадан Азия чемпионы Сабина Бақатова және оқушылар сарайының балалары, ұстаздары келді. 

– «Білім парк» өнер-білім орталығы балалар жылы аясында 1 маусым – халықаралық балалар күнінде ашылған болатын. Балалардың қосымша білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылған бұл орталықта ІТ бағытында оқытуға басымдық бере отырып, кеме құрастыру, робототехника секілді түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Ал бүгін балаларды спортқа тарту мақсатында алғаш рет чемпиондармен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Балалар жазғы демалысын, бос уақытын тиімді өткізсін деген ниетпен осы жобаны қолға алдық. Балалардың сауатты, салауатты болуы, ой-өрісі  дамуы үшін қажетті шахмат, бокс, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен үйірмелер мен шеберлік сабақтары өтті, – деді Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының орынбасары Айгүл Әйтінова.

Ал Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы қосымша білім педагогы Есенғали Сейітжан: 

– Оқушылар сарайында астрономия, физика, математика пәндерінен сабақ беремін. Жалпы математикаға балалар қажеттілікпен келсе, астрономияға қызығушылықпен келеді. Өзім №50 мектепте оқушылардың ғылыми жоба жетекшісімін. Астрономия, ғарыштық техника саласы бойынша халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарда бірінші, екінші орындар алып келген шәкірттерім бар. Олимпиадаға да шәкірттер дайындаймын. Осы филиалда авиамодельдеуден сабақ беремін. Жаңадан ашылды, құрал-жабдықтар келіп жатыр. Дегенмен балалардың қызығушылығы жоғары. Әсіресе төменгі сынып оқушылары көптеп жазылып жатыр, – дейді.

«Білім парк» орталығында қазірдің өзінде мыңға тарта оқушы түрлі үйірмелерге қатысып, білімін жетілдіріп жүр екен. Чемпиондармен кездесуге де балалар көп жиналды. 

– «Білім парк» орталығына ашылғанына бір ай болғанына қарамастан, келетін оқушылар өте көп. Біз балалардың қызығушылығын арттыру үшін чемпиондарды шақырып балалармен кездестіріп, шеберлік сабағын, сұхбат алаңын ұйымдастырдық. Алдағы уақытта мұндай кездесулерді көптеп ұйымдастырсақ деген ниеттеміз. Мысалы жұлдыздармен, басқа да шығармашыл тұлғалармен кездесулер, шеберлік сабақтар ұйымдастырсақ деп жоспарлап отырмыз, – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Шеберлік сабағын өткізіп, сұхбат құру форматында өткен кездесуде балалар чемпиондарға түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сұхбат барысында оқушылар чемпиондардың жетістікке жету жолындағы кедергілер мен оларды жеңу тәсілі, ел үшін додаға түскен уақыттағы эмоциялары мен жауапкершілік туралы және тағы басқа қызықты сауалдарын қойды.

    – Осы білім орталығына келіп, қуанып отырмын. Спорт үйірмелері көбейген сайын өскелең ұрпаққа үлкен жол ашылады. Бокс – елімізде алдыңғы қатарда тұрған спорт түрі. Болашағы зор. Қазақ жігіттері әлемдік рингтерге шығып, мықты екендерін дәлелдеген. Маған балалардың бүгінгі талпынысы ұнады. Олардың әлемді бағындыратынына сенімдімін. Олар жазғы уақытын тиімді өткізіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі жекпе-жекке шығу үшін талпыныс, еңбек қажет, – деді ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан. 

«Генерал болуды армандамаған солдат – солдат емес» дегендей, оқушылар сарайына түрлі үйірмелерге келетін әрбір баланың арманы қатарының алды болу, озат болу, чемпион болу екенін ескерсек, ел мақтанышы – чемпиондармен кездесу бала қиялына қанат бітіріп, арманға қарай бір қадам жақындағандай әсер етері сөзсіз. 

– Мен Азия чемпионы Сабина Бақатованың шеберлік сабағынан қысқа ғана уақыт болса да көп нәрсе үйрендім. Бұрын өзім көрмеген қимыл, өнер көрсету тәсілдерін көрдім. Өскенде чемпион болғым келеді, – дейді 7-сынып оқушысы Гүлсім Әли.

Кездесу соңында балалар өздерінің сүйікті спортшыларынан қолтаңба алып, суретке түсті.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 119
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 118
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 634
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 752
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 665
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 677

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422