Арнайы комиссия мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеді

Арнайы комиссия мұқтаж   азаматтарға көмек көрсетеді

«Ашық» НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігінің қаулысында: «Өңірде көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға арналған арнайы комиссия құрылмақ.  Комиссияның негізгі міндеті – жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес, азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау. Сонымен қатар, әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады. Комиссия құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнің, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерi енеді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен құралады. Оның жалпы құрамы жетi адамнан кем болмауға тиiс», – делінген.  Құжатты ашық талқылау 27 ақпанға дейін жалғасады.

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1751
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1242
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3442