Арубаев бастаған мем қызметкерлер ұл-қыздарын вакцинациялаудан өткізді

Арубаев бастаған мем қызметкерлер ұл-қыздарын вакцинациялаудан өткізді

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бастаған мемлекеттік қызметшілер аудандық орталық емханаға ұл-қыздарымен келіп, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында жасөспірімдерге салынып жатқан америкалық "Pfizer" вакцинасын ектіртті.

Өңір басшысы бала денсаулығына ең бірінші ата-ана жауапты екенін айтады.

– Отбасыда қызым - Әминадан басқасы коронавирус індетін алдын алу үшін вакцинациялаудан өткенбіз.

Бүгін жергілікті емханаға келіп, вакцинация салу процесіне өзім куә болдым. Жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Ешқандай жайсыздық немесе ауыртпалық сезінбеді.

Осы орайда ата-ана қауымына бала келешегі мен өмірі, оның денсаулығына ең бірінші мына біздер, яғни ата-аналар жауапты екенін айтқым келеді, – дейді Сәкен Қаланұлы. 

Жалпы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге жеткізілген 2220 доза "Pfizer" екпесінің 1711 дозасы салынған. Оның ішінде 12-17 жас аралағындағы жасөспірімдерге 1255, жүкті әйелдерге 145, бала емізетін аналарға 311 доза салынған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 81
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 58
Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 20.01.2025 27

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13319
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12160
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15402
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14327
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19362