Әсерлі саяхат

Әсерлі саяхат

 

Орал қалалық білім беру бөлімі мектеп оқушыларының кезекті жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Соны бірі – оралдық жеткіншектердің Түркістан қаласына сапары.

Қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен 50 оқушы тарихи шаһар – Түркістанға саяхаттап қайтқан болатын. Оралдағы жалпы орта білім беретін №40 мектептің 11-сынып оқушысы Қуаныш Нұрлан есте қалар естеліктерге толы сапардан алған әсерімен бөлісті.

– Түркістан – қазақ халқының өткені мен ертеңі және бүгіні тоғысқан тарихи әрі киелі қала екені белгілі. Сондықтан мұндай мүмкіндікті қуана қабылдадым. Бұл қаладағы тарихи маңызға ие кесенелерді, заманауи ғимараттарды, сұлу табиғатты басқалардан естігенше, өз көзіңмен көрген мың есе артық. Оған Түркістанды аралап, барлық керемет жерлерін көрген соң көзім жетті. Саяхаттау барысында біз «Арыстан Баб», «Гаухар Ана», «Қожа Ахмет Ясауи» кесенелеріне бардық. Соңғы тарихи орынды көрген де, көрмеген де арманда. Оған қоса өзім көруді армандаған «Тайқазанды», «Хан сарайын» және басқа да 700, 800 жылдық тарихи экспонаттарды көрдім. Қосымша көптеген тарихи мәліметтермен таныстым. Тағы бір ұнаған нәрсе – Шыңғыс ханның басқыншылығы кезінде жойылып кетекен, бірақ қазір қазба жұмыстары арқылы қайта жаңғырып жатқан «Отырар қалашығы». Ондағы «Намазхананы», «Орталық моншаны» және тарихи орындарды көзбен көру ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар сапар барысында қаланың ең әдемі жері – «Керуен Сарайын» араладық.

Тарихи шаһарға саяхат қызықты әрі көңілді өтті. Маған өте  қатты ұнады. Бізге осындай әсерлі демалыс сыйлаған Орал қалалық білім беру бөлімінің басшылығына алғысым шексіз, – дейді Қуаныш Нұрланұлы.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
18.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5441
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5594
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20565
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19193
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22656