Әскердегі ойынқұмарлық пен оның зияны

Әскердегі ойынқұмарлық пен оның зияны

Бүгінде сыртқы жаумен күресіп, ел тыныштығын сақтап жүрген әскери құрылымдар арасында адам өмірін қыл үстіне қоя білетін «жау» бары анық. Қазіргі таңда әскери құрылымдар арасындағы бұл жаудыңатауы – ойынқұмарлық.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі сараптамасы бойынша қазіргі таңдағы әскери саладағы басты ішкі «жаулардың» бірі – ойынға деген тәуелдігілік. Ал ойынқұмарлық дегеніміз –адам бойында қалыптасатын психологиялық ауытқулардың немесе аурулардың бірі десек те артық айтқанымыз емес. Себебі, қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымыда ойынқұмарлықты психологиялық аурулар қатарына енгізіп отыр. Қазіргі таңда  халық арасында бұл ауруды лудомания, гемблинг, игромания деп те атайды. Бұл аурудың адам баласына берер зияны көп екені бәрімізге мәлім. Бүгінде бұл ауруды болдырмау үшін көптеген жұмыстар мен іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі – ҚРҰлттық ұланына қарасты барлық әскери бөлімдерде профилактикалық әңгімелесулер, тақырыптық сабақтар өткізіліп, ойынқұмарлықтың алдын алуға көптеген жұмыстар жасалуда.

          Біз ең алдымен ойынқұмарлықтың адамға берер зияны мен неліктен әскери қызметкерлер үшін бұл аурудың қауіпі көп екендігіне көз жүгіртейік. Жалпы ойынқұмарлық адам бойында қалай басталатыны бәрімізге мәлім. Адамның жасы мен жынысына қарамай өзіне баурап  алатын бұл «ауру» түрі қазіргі таңда нашақорлықпен пара-пар. Бұғаншалдыққан адам өзінің  әлеуметтік, материалдық, отбасылық құндылықтарын ұмыта бастайды. Адам баласы өз-өзін басқара алмай, өзінің жасаған әрекеттерініңнәтижесін түсінбейтін болады. Бір қызығы, бұл ойынқұмарлықтың маскүнемдік пен нашақорлық секілді өз кезеңдері болады. Бастапқы кезде, алғашқы көзқарас үшін бұл ойындар ауыр емес көрінеді. Алайда адамдар ойынға тәуелді бола бастайды, ол адамда жаңа қызығушылықтар туындайды. Мысалы: ойын автоматтарынан бөлек, спорт ставкалары, интернет-казинолар тағы да басқа көптеген жаңа ойындар. Екінші кезеңде, адамдар ойынға қатты тәуелді болып қалады, мысалы ойын автоматтарына, казиноға ұзақ бармаған адамдар бойында тітіркенгіштік, ашуланшақтық әрекеттер пайда бола бастайды. Бұл кезеңге аяқ басқан адамдарға әлемдік денсаулық сақтау ұйымы ем-шаралар алуды ұсынады. Үшінші және қорытынды кезеңдеадамның барлық назары тек ойынға жинақталады. Ал нәтижені күту екінші кезекке шегеріледі. Дәл солай отбасы, сүйікті іс, достар, жұмыс артта қалады. Бұл кезеңдегі басты мақсат – ұтыс пен ақша табу емес, тек ойынға қатысу. Соңғы кезеңінде адам маскүнемдікке шалдығып,  суицидтік әрекеттерге бел буа бастайды. Осы төрт кезеңді артта қалдырған адам баласы үшін бұл ойынқұмарлықтан арылу қиынға соғады. Бұл процеске қатты беріліп кеткен адамдардың өмірде үлкен қиындыққа тап болғаны. 

    Осындай жас жігіттер бүгінде еліміздің әскер қатарына шақырылып, әскери сапты толықтырып жатыр. Ең алдымен әскери адам дегеніміз – кез келген жағдайда Отанынқорғайтын азаматтар және елім деп жүрегі соғатын ерлердіңбірі. Әрдайым қолдарына қару ұстап, қызметте жүретін әскери қызметкерлердің өмірі қыл үстінде тұратыны да рас. Кез келген дабыл дыбысын естіген шақта қолына қару алып шығатын әскери қызметкерлерге «құмарлық» деген сөздіңөзі қарама-қайшы.  

Бүгінде еліміздің бірнеше аймағында әскери қызметкерлер арасында осы лудомания дертіне шалдығып, өз өмірлеріне балта шауып, қарызға белшесінен батқандар кездеседі. Осылайша көптеген отбасы өз асыраушысынан, балалар әкесінен, ал Отан өз қорғаушыларынан айырылуда. Бұл «аурудан» айналып өтетін жолдарды еліміздің Ұлттық ұлан қызметкерлері қарастырып қойған. Ұлттық ұлан қатарындағы мұндай адамдарды емдеудегі басты көмекшілер  әскери тәрбиешілер мен әскери психологтар. Олар жеке адаммен де, бірнеше адамнан құралған топпен де жұмыс жасай алады. Психолог мамандар әскери қызметкерлердің құмар ойындарға деген көзқарасын өзгерту үшін барын салып қана қоймай, болашақта құмар ойынсыз жаңа өмір бастауға болатынын дәлелдеп, психологиялық-моральдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Ең алдымен жеке құрамды лудоманияның зияны, оның қызметке тигізер кері әсері туралы ақпараттандыру шаралары жүргізіледі. Екіншіден, психологтар әскери қызметкерлер арасында лудоманияға төтеп бере алатын, психологиялық тұрғыдан мықты ұжым қалыптастыра бастайды. Үшіншіден, әскери бөлім мен бөлімшелердегі әскери қызметкерлермен жеке жұмыстанып, олардың бойындағы құмарлыққа қарсы иммунитетпен қиындық туған жағдайда сол мәселелерді шешу жолдары туралы білім береді. Төртіншіден, теріс ағымдар мен теріс іс-әрекеттерге қалай қарсы тұруға болатыны туралы ақпараттар беріліп, пайдалы әдіс-тәсілдер көрсетіледі. Бүгінде бұл іс-шараларға қатыспай, берілген кеңестерді дұрыс қолданбай, құмар ойындар ойнауға бел буып, лудоманияға шалдыққан әскери қызметшілерге еліміздің заңнамасымен көптеген шаралар қолдануқарастырылған.  

Ойынқұмарлық танытып, спорттық іс-шараларға бәс тіккен әскери қызметкерлер әрекеті алты айға дейін әшкерленсе, жұмыстан шығарылады. Ал алты айдан кейін әшкереленетін болса, басқа тәртіптік шаралар қарастырылады. Әскердегі лудоманияны болғызбас үшін, әскери қызметкерлерді тұрақты бақылауда ұстауда. Сондай-ақ әскери қызметкерлерге заң жүзінде ойын автоматтары бар мекемелерге, ойын клубтарына баруға шектеу қойылып, тек арнайы тапсырманы орындау мақсатында баруға рұқсат берілді. Осылайша қазіргі таңда елімізде белең алған лудомания ойынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан қызметшілері көптеген шаралар қарастыруда. Ұлтымыздың қалқаны болған ұландықтар тек қана еліміздің ішкі тұрақтылығын күзетіп қана қоймай, іштей тараған ішкі «жауды» да өздеріне бағындырып, еліміздің үздік әскери құрылымы екенін дәлелдеп келеді

ефрейтор Әзиза ҰЗАҚБАЕВА,

5517 әскери бөлімінің  психолог маманы

31.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633