АШМ-дағы субсидиялар саны қысқартылады

АШМ-дағы субсидиялар саны қысқартылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында:«Мемлекет ауыл шаруашылығын субсидиялауда техникалық және технологиялық жаңаруға бағытталған инвестициялық субсидияларға басымдық береді. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттарының өкілдері кірді. Жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде субсидиялау рәсімін оңайлатуды, оның бағыттарын оңтайландыруды (субсидиялар түрлерінің санын 51-ден 7-ге дейін қысқарту жоспарланып отыр), барлық субъектілер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді, заманауи технологияларды енгізуді ынталандыруды және агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялар тартуды, нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша фермерлердің қарымта міндеттемелер алу нормасын енгізуді көздейтін жаңа тәсілдер таныстырылды. Субсидиялаудың жаңа жүйесіне көптеген ұсыныстар түсті. Субсидиялаудың басым бағыттары ретінде саланы техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға, қаржы құралдары бойынша мөлшерлемелерді субсидиялауға, сондай-ақ селекциялық-асыл тұқымды, тұқым шаруашылығын, шикізатты терең қайта өңдеуді субсидиялауға бағдарланған инвестициялық субсидиялауды айқындау ұсынылады. Бұл өзгерістерді биыл іске асыру жоспарланған болатын. Сонымен қатар, ағымдағы ахуалды және оның даму үрдісін кешенді талдауды, геосаяси дағдарыстың ел экономикасына теріс әсерін азайту бойынша оңтайлы шаралар қабылдау қажеттілігін негізге ала отырып, субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу мәселесін келесі жылға қалдырып, биыл мемлекеттік қолдауды қолданыстағы қағидалар бойынша жүзеге асыру туралы шешім қабылданды»,  деп жазды. Еске салсақ, ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлемдегі күрделі жағдайға байланысты Қазақстандағы субсидия реформасы келесі жылға шегерілгенін мәлім еткен еді.

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743