А.Шораев: Бізге Сенат мүлдем керек емес

А.Шораев: Бізге Сенат мүлдем керек емес

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте жасаған үндеуінде алдағы уақытта елде саяси өзгерістердің жасалатынын, халықтың талап-тілегін тыңдап, қыркүйекте реформалардың жоспарын жариялайтынын мәлім етті. Ал қазір елдегі саяси реформаларға қатысты пікір білдіріп, ұсыныс айтушылардың қарасы көбейіп тұр. Соның бірі Сенатқа қатысты, деп хабарлайды oinet.kz.

«Сенаттың бізге қажеті жоқ, Парламентті бір палаталы ету керек» деген пікірлер бұған дейін де талай айтылған. Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев «Араша» сайтына берген сұхбатында осы пікірмен келісетінін білдіріпті. — Біріншіден, бізге Сенат мүлдем керек емес. Өйткені, біз федеративті емес, унитарлы мемлекетпіз. Сенат деген федеративті мемлекеттерге сәйкес келеді. Сондықтан тек қана бір палата болуы керек. Жалпы менің ұсынысым – бүкіл партияларды тарату қажет. «Ақ жол» олигархтардың партиясы, «Қазақстанның халық партиясы» үндеместердің партиясы. Сондықтан бұл жерде сау, еті тірі партия жоқ. Сондықтан олардың бәрін тарату керек!-депті А.Шораев.   «Парламент тарай ма?» деген сұраққа ол: — Парламенттің тарауы мүмкін емес. Парламентті тарату керек деп білемін. Өйткені, біздегі Парламент өткен дәуірдің Парламенті. Ол жерде сау адам жоқ! Сол жерде халықтың мұң-мұқтажын ағынан жарылып айтатын азаматтар жоқ,-дейді қоғам белсендісі.  Шораев бүлік кезінде  Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының күштерін кіргізу ең үлкен саяси қателік болғанын алға тартады. — Бұл – ертеңімізге қауіп. Өйткені, бұл жерде ҰҚШҰ-ның басқа мүшелері бар ғой, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения бар сол жерде отырған басшылар ойына келгенін істеп, ертең өзінің халқымен күресу үшін оңайлықпен сол әскерилерді енгізе салады. Ол дұрыс емес. Ертең мысалы, Тәжікстанның Президенті «маған Талибан шабуыл жасап жатыр, көмектесіңдер» десе ертең біздің қара домалақтарымыз барып, Талибанмен шайқасуы керек пе? Немесе Армения Президенті «Әзербайжан әскерлері шекарамызға шабуыл жасап жатыр» десе, сонда біздің қазақтың балалары өзіміздің бауырлармен (Әзербайжан) соғысуы керек пе?! Енді соған мүмкіндік ашылды. Сондықтан мен оған қарсымын! Мұны болдырмауымыз керек. Жалпы, ҰҚШҰ керек емес, біз одан шығуымыз керек!-деген Шораев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нұр Отан» партиясының төрағалығына сайлануын да саяси қателік деп санайды.  Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жасалған жоспар бойынша осы жұмада «Нұр Отан» партиясының съезінде партия төрағасы болып сайланбақ. Ал елде Парламент сайлауы өтеді деген мәселе күн санап күшейіп келеді. Жақында «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы сауалнама жүргізген. Оған қатысушылардың 60 пайызы елде  мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтуі тиістігін айтыпты

Арман Шораевтің фб парақшасынан
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394