Асқар Жұмаділдаев, математик, академик: Адалдық мектептен басталмаса, қуатты елге айнала алмаймыз

Асқар Жұмаділдаев, математик, академик: Адалдық мектептен басталмаса, қуатты елге айнала алмаймыз

«Қазақстанда 3 мың мектеп бар. Түрік лицейлерінікі 28 мектеп бар-жоғы. Осы жерде мен бір-ақ критерий айтайын. Егер олимпиада жеңімпаздарын санымен есептесеңіз, тәуелсіз Қазақстандағы жеңімпаздардың жартысы осы қазақ-түрік лицейлерінің тәлімгерлері. Қалғандары жоғарыдағы 3 мың мектептен шығады. Себеп біріншіден, қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері міндетіне адал қарайды. Жалақысы көп шығар дегіңіз келсе айтайын, біздің мұғалімдермен шамалас. 

 

Екіншіден, бұлар да ұят, ар дейтін ескірмеген ұғым бар. (Өйткені сіз балаларға сабақ беріп отырып, оларды алдасаңыз, қулыққа барсаңыз не болады? Олар ондайға бармайды). Осы екі нәрсе, Ұят пен ар түрік лицейлерінің атағын аспандатып тұр. Оқытылып жатқан математикасы, физикасы, өзге де пәндері біздікімен бірдей. Сонымен қатар сабақ беріп жатқан мұғалімдердің 90%-ы қазақтар. Түрік ағайындар 10% төңірегінде. Бірақ бұлар алғашқы планканы, межені сақтап қалды. «Тәртіпті бұзбаңдар, кәсіптеріңе адал болыңдар» деген принцип бұлжымай тұр. 

Егер қазақтың кейбір мектептеріне барсаңыз, олар сабақ өткізудің орнына сылтау айтады. Тақта жоқ, бор жоқ, компьютер жоқ, оқулық жоқ деп қара аспанды төндіреді. Бір кереметі түріктер ондай сылтау айтпайды. Жоқ болса шулатпай-ақ іздеп табады. Қазақша материал керек болып, оны таба алмаса, жоғарыға арызданбай-ақ өздері аударады. Осының өзі олардың қызметтеріне деген адалдығын көрсетеді. Ең алғашқы қазақша-ағылшынша сөздікті де осылар жасады. «Нұр Орда» мектебіне кіріңізші, іші-сырты түгел қазақша. Сүлейман Демирел атындағы университетке барсаңыз да, атаудың бәрі қазақша-ағылшынша. Орысша қосымша ретінде ғана көрініс береді. Сондай-ақ түрік мұғалімдерін көріп, қазақша жөн сұрасаңыз бәрі дерлік қазақша жауап береді. Неге олай? Бұл – адалдық!».

 

P.S: Асқардың бұл пікірінде шындық атойлап тұр. Білім саласында жемқорлық тізгін бермей, ушыққан үстіне ушығуда. Мектептегі еден жуушыны жұмысқа парамен алады-мыс. Қалғанын айтпай-ақ қояйық. Яғни кәсіпке деген адалдықтың жоқтығы – біздегі мектептердің басты ауруы болып тұр. Жаңа Қазақстан қуатты мемлекет болуы үшін ең алдымен адалдықты, тазалықты мектептен бастау керек. 

 

01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8886
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8281
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11509
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9265
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10493