Ассамблеяның кеңейтілген отырысы

Ассамблеяның кеңейтілген отырысы

2022 жылғы 6-7 қазанда Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА облыстық Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Ғ.Балаева, Аналар кеңесі «ең белсенді және маңызды қоғамдық құрылымдардың бірі және қоғам өмірінде үлкен әлеуметтік маңызы бар» деп атап өтті. Оның айтуынша, Аналар кеңесінің форумы мемлекеттік мереке – Республика күні – «тілегі мен ниеті бір мақсат жолында жүрген халқымызды біріктіретін» мереке қарсаңындағы маңызды оқиғаға айналды. А.Балаева атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңестерінің қызметі өз елінің патриоттарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Атап айтқанда, ол Аналар кеңесінің барлық өңірлерде жүзеге асырылып жатқан «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» республикалық жобасы – мәдениет, имандылық, мейірімділік құндылықтарын сақтау – асыл миссияның жарқын көрінісіне айналғанын еске салды.  Сөз соңында А.Балаева Аналар кеңесінің жұмысы Мемлекет басшысының әділетті де өнегелі қоғамды қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді. ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің айрықша ерекшелігі оның тақырыптық сессияларының алуандығы болды: «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру; «Ұлттық тәрбие – мемлекеттілік негізі»; «Қауіпті келеңсіздіктер – болашаққа зиян»; «Ұлт болашағы – саналы ұрпақ»; «Тәрбие жұмысы және белсенді қоғам». Сессия барысында рухани-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері, тұлғаны қалыптастырудағы аға ұрпақтың рөлі, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, отбасы мен ұрпақтар арасындағы тиімді қарым-қатынас мәселелері қарастырылды.

 

Г. ТҰРСЫНҚОЖА
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9019
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8415
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11642
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9398
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10625