Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тас-түйін дайын

Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тас-түйін дайын

Астанада 8-12 қыркүйекте өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Әлемнің 89 мемлекетінен 2000-нан аса  спортшы спорттың 21 түрінен додаға түспек. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қауымдастығының сайтында жарияланып жатқан жаңалықтардан біраз мәліметтер алдық. Бізде кенжелеп қалған дәстүрлі садақ атудан бұл жолғы додаға бізден 10 спортшы қатысады екен.  Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтың айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.

– Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғызстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін спортшылар да өте мықты. Дегенмен, біздің спортшылар да осал емес. Жүлдеден үміттіміз, – дейді бас бапкер Диас Ахметов.

– Осы уақытқа дейін ұлттық құрама құрал-жабдықтардың басым бөлігін Түркия, Мажарстан, Ресейден тапсырыс беріп алдыртатын. Кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс те жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділер ойынына отандық өнім «Алтын жебе» атты цехтың шығарған оқтарын қолданамыз. Сол үшін халықаралық стандарттарға сай жасалған 2000-нан аса оқ дайындап қойдық, – дейді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов.

Дәстүрлі садақ атудан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың мүшелері де дайындық барысында отандық өнімді пайдаланып, жаттығуларын пысықтап жатыр деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 6 күн қалды. Ауқымды спорттық іс-шара қарсаңында қонақүйлерге, ойындарға қатысатын тамақтану пункттеріне, сондай-ақ кәдесый өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындарға сертификаттар табысталды. Сертификаттар олардың ойынға қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға дайындығын растайды.

Елордалық қонақүйлер халықаралық спортшылар мен әртістерді қабылдайды, ал қазақстандық кәдесый компаниялары ойын ұйымдастырушыларымен бірлесе отырып, елдің мәдени мұрасын көрсететін өнімдерді ұсынады.

Кіл мықтылар келіп бақ сынайтын көшпенділер ойындарында қай тараптың бәсі басым түсетіндігі алдағы күндердің еншісінде болмақ. Қазірше Астананың айтулы спорт кешендері мен атшабарлары сақадай сай тұр.

Қазақстанда өткелі жатқан айтулы шараға өз үлестерін қосып, дүбірлі доданың ойдағыдай өтуіне атсалысып жатқан мекемелер мен кәсіпкерлер де көп. Мәселен танымал мобильді операторы «Кселл» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы атанып отыр. «Кселлдің» мамандары қазір «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» атшабары және Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз айдыны, «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені, ҚР Ұлттық музейі,  «Думан» ойын-сауық кешені аумағына қосымша 4G және 5G базалық станциялары мен телекоммуникациялық жабдықтарын орнатуға кірісті. Бұл шетелдік қонақтар мен қатысушыларға өз туған-туыстарымен еш кедергісіз бейнебайланысқа шығып, әлеуметтік желілерге фото, видео материалдарды жедел жүктеуге, таратуға, барлық цифрлық сервистерді үздіксіз пайдалануға мүмкіндік жасап шығыпты.

Ал алыс-жақын шетелдерден келетін спортшылар мен мәртебелі меймандардың жатар орны мен өзге де қажеттіліктері де әлдеқашан шешім тауыпты. Алдыңғы күні Астана қаласы Мәслихатының Төрағасы Ерлан Қаналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы шағын жазба жариялады. Онда: «Қатаң іріктеуден өткен қоғамдық тамақтандыру объектілері «Астана Арена», «Алау» мұз сарайы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Қазанат» ипподромы ойындарының негізгі алаңдарында жанкүйерлер мен қатысушыларды сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ететін болады. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша сертификаттарды 52 қоғамдық тамақтандыру компаниясы, Қазақстанның кәдесыйларын ұсынатын 20 компания және 22 қонақүй алды», – деп жазды Мәслихат төрағасы.

Шағын мақалада Астанадағы дайындықтың ойдағыдай екендігіне тоқтала кеттік. Біз алдағы уақытта газет оқырмандарын сенімді де сапалы ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын боламыз. 

Ерқазы Сейтқали
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 92
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 214
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 231

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4612
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4057
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6539
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5014
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6220