Астанада Алтын Орда өркениетіне арналған халықаралық симпозиум өтуде: сирек архивтік құжаттар, қолжазбалар мен бірегей артефактілер алғаш рет бір кеңістікте таныстырылды

Астанада Алтын Орда өркениетіне арналған халықаралық симпозиум өтуде: сирек архивтік құжаттар, қолжазбалар мен бірегей артефактілер алғаш рет бір кеңістікте таныстырылды

2026 жылғы 19 мамырда Астана қаласында UNESCO аясында «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанаты өтті. Симпозиум аясында Алтын Орданың тарихына қатысты сирек археологиялық артефактілер, қолжазбалар мен халықаралық архивтік құжаттарды алғаш рет бір кеңістікте тоғыстырған көрме де ұйымдастырылды.

Ресми ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылар мен халықаралық ұйым өкілдеріне арнаған сөзінде Алтын Орданың Шығыс пен Батысты жалғаған ірі саяси құрылым болғанын және бұл тарихи шындықтың даусыз екендігін атап өтті. Президент сондай-ақ осы мұраны терең зерттеудің маңыздылығы ешқашан өзектілігін жоғалтпайтынын айтып, Қазақстан бастамаларына қолдау көрсеткені үшін UNESCO басшылығына алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бүгінгі бірегей симпозиумның өтуі әлемдік тарихи-мәдени мұраны жүйелі түрде зерттеуге тың серпін беретініне сенім білдіріп, осы жоғары мақсатқа жету жолында ғалымдар мен сарапшылардың қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шарада UNESCO Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомо, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одре Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Дэмбэрэл Содносамбуу, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов секілді мәртебелі қонақтар сөз сөйледі.

Симпозиум аясында «Алтын Орданың материалдық және рухани мәдени мұрасы: артефактілер, жазба және ауызша деректер, Ұлы Жібек жолы бойындағы өзара ықпалдастық» атты екінші сессияда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова баяндама жасады.

Профессор Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде Түркі әлемінің бай мәдени мұрасын сақтау, қалпына келтіру және халықаралық деңгейде дәріптеу бағытында Қор жүзеге асырып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Ол соңғы екі жыл ішінде Қордың заманауи цифрландыру бастамаларынан бастап бірегей ғылыми-зерттеу бағдарламаларына, реставрациялық, деректі және академиялық алмасу жобаларына дейінгі 140-тан астам жобаны табысты іске асырғанын атап өтті.

Қор президенті ұйымның заманауи сын-қатерлерге жауап бере отырып, тарихи мұраны сақтау үдерісіне жаһандық үрдістерді, озық технологиялық шешімдер мен цифрлық инновацияларды белсенді түрде енгізіп келе жатқанын, сондай-ақ мәдени дипломатияны сапалы жаңа деңгейде нығайту бағытындағы қызметін жалғастырып отырғанын ерекше айтты.

Симпозиум мен көрме Алтын Орда мұрасын объективті әрі ғылыми тұрғыдан қайта зерделеуге арналған маңызды халықаралық алаңға айналып, бірегей архивтік материалдардың әлем жұртшылығына алғаш рет кеңінен таныстырылуына мүмкіндік берді. 

21.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24770
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42203
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38053
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42538